Алматы облысы Сарқан ауданының оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болып қайтты.

Оқушыларға университет бойынша кешенді экскурсия ұсынылды. Балалар жоғары оқу орнының жұмысы, ғылыми қызметі мен студенттік ұйымдардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Оқушыларды «Дос Мұқасан» тобының шығармашылығына арналған музей мен археологиялық табыстар қызықтырды.

Сапар барысында оқушылар Баянауыл ауданындағы «Баянтау» демалыс үйінде болып, Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағындағы қасиетті жерлерді араламақ. Тарихи ескерткіштердің қатарында ақын С. Торайғыровтың музейі, сақ қорғандары, Абылайтас және Қоңырәулие үңгірлері, қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер, қасиетті бұлақтар мен Қаныш Сәтбаевтың мұражайы бар.

Кешенді экскурсия Ескелді шатқалы мен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің музейі және кесенесімен танысумен аяқталады.