С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университетінде үш жасар Айлин Жайнақованың еміне қаржы жинау мақсатында қайырымдылық концерт өтті. Вильмс ісігіне (нефробластома) шалдыққан қыздың емдеуіне 50 000 доллар қажет.

Жәрмеңке барысында өңірдің белгілі кондитерлерінің тәтті тағамдары мен қолөнер шеберлерінің қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық стильдері былғары бұйымдар ұсынылды. Шара кезінде көмек колын созуға ниет еткендер арнайы орнатылған жәшікке қаржы жинады. 

Сонымен қатар, жәрмеңке барысында купондар бойынша лоторея ұтысы ұйымдастырылды. Келушілер фотосессия, авторлық шаш үлгісін, Джиу Джитсу Академиясы,  Грэпплинг және таеквандо мектебіне абонементтер ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. 

Қайырымдылық жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 314 840 теңге ақша жиналды. Қаражат Айлиннің еміне жұмсалады.