Кьюнгдонг Университетінің (Оңтүстік Корея) профессорлары Ли Ёнг Хун және Лим Ёнг Сон С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында білім беру бағдарламалары талқыға салынды. 

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы шеңберінде Оңтүстік Корея университеті және  Ким Сонг Су  Таеквондо мектебінің таеквандо бойынша бірлескен қосдипломдық білім беру бағдарламасы іске қосылады. 

Меймандардың алдында сөз алған С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова екі университеттің бірлескен жұмысы кезең-кезеңмен жүзеге асырылып, таеквандо ұзақмерзімді ынтымақтастық көкжиегін кеңейтудегі алғашқы бағытқа айналытынына сенім білдірді. 

Ректор корей тілін оқыту бойынша оқу үрдісін жүзеге асыру жоспарланып жатқанын айтып, кейін студенттер үшін Оңтүстік Кореяда білім алуға мүмкіндік  туатынын жеткізді. 

Кездесу барысында профессорлар «Сұңқар» спорт кешенінің жұмысымен танысып, көптілді білім беру орталығы, музей кешені мен коворкинг орталығын аралады.