Павлодарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Роза Жұмабайқызы Қадысованы еске алуға арналған "Рухани жаңғыру" тұрғысындағы Қазақстанның тарихи ғылымы" атты ғылыми-тəжірибелік конференция өтті.

Шараға зиялы қауым өкілдері, ғылыми қауымдастық, əріптестері, студенттер мен Роза Жұмабайқызының туған-туысқандары қатысты.

Конференция қатысушылары алдында сөз алған Павлодар облысы əкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев өткеніміз бен бүгініміздің өзара байланысы тарихи ғылымды қоғамдық сананы жаңғыртудың ғылыми платформасына айналдыратынын айтты. Қоғамдық сана тарихи-мəдени құндылықтарымызды сақтап, қазақстандық ұлттық мақтанышының іргесі болмақ.

«Жаңғыртудың феномені гуманитарлық ғылымдардың өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Бұл мəселені ғылыми тұрғыдан зерттеуге профессор Қадысова Роза Жұмабайқызы сүбелі үлесін қосты. Ол - көптеген ғылыми еңбектің авторы. Олардың қатарында «Қазақстанның кеңестік жаңғырылуы (1917-1940 гг.): тарихи мəселелер», «Қазақстанның соғысқа дейінгі өнеркəсіптік: посткеңестік кезеңнің историографиялық үдерістері" сияқты монографиялар бар», – деді Мейрам Мұхамедрақымұлы.

Роза Кадысова 1965 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданының Северное ауылында туды. 1990 ж. Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институты тарихи-педагогикалық факультетін үздік тəмамдады.

Кəсіби жолын ауыл мұғалімінен бастады. Ғылыми айналысу арманының жетегімен Роза Жұмабайқызы Павлодар мемлекеттік университетіне келеді. Кейін ол ғылыми жұмыс жөніндегі проректор қызметінде болады.

ПМУ-дің ғылыми қызметіне Роза Жұмабайқызы жетекшілік еткен кезде өзге кəсіби деңгейге көтерілді: ғылыми басылымдар қайта құрылды, зертханалар ашылды. Р.Ж.Қадысова шетелдік жəне отандық басылымдарда 150-ге жуық еңбек, бес монография жариялады. Роза Жұмабайқызының Павлодар облыстық мəдениет басқармасының басшысы қызметін атқарыу өміріндегі маңызды кезеңге айналды. Ол өмірінің соңғы жылдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен байланыстырды.

Конференция шеңберінде Қазақстанның жетекші ғалымдарының қатысуымен "Қазақстандық жəне шетелдік тарихтағы жаңғыртуды зерттеу: ерекшеліктері мен ортақ үдерістер" тақырыбында шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы ПМУ-де Қадысова Роза Жұмабайқызының құрметіне арналған аудитория ашылды.