С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері бірнеше мамандық бойынша өткен республикалық пəндік олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

ПМУ-діі тілдік емес мамандық студенттері " Үш тұғырлы тіл" көптілді республикалық олимпиадаларда бірнеше марапатқа ие болды. Жарыс С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет базасында өтті. 

ПМУ командасы ағылшын, неміс жəне француз тілдері бойынша қатысты. Студенттер өз білімдерін жазу, дыбыстау, сондай-ақ, түрлі тақырыптарда əңгіме өрбіту бойынша сарапқа салды. 

Ағылшын тілі бойынша Тимур Искендер үздік спикер атанып, екінші орынға ие болды. 

Салтанат Тайжанова – «Ең үздік сөйлеу". 

Жарыстың неміс тілі бойынша екінші орын иегері жəне "Үздік спикері" болып Луиза Ибрагимова атанды. 

Индира Мұстафина – «Үздік грамматика» аталымының жеңімпазы. Француз тілі бойынша Жалғасхан Садық үшінші орын тұғырынан көрінді. 

Нархоз университетінде (Алматы қ.) əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша олимпиада өтті. "Экономика" мамандығы бойынша үшінші орынға э.ғ.к., профессор Алексей Титковтың жетекшілігімен мемлекеттік басқару, бизнес жəне құқық факультетінің студенттері ие болды. 

"Көліктік техниканың энергетикалық құрылғылары" пəні бойынша өткен республикалық сайыста Ерсен Ордабаевтың жетекшілігімен көліктік техника жəне логистика кафедрасының студенттері командалық есепте екінші орынды жеңіп алды. Жеке есепте Мадина Ташенова күміс жүлдегер атанды.

Металлургия кафедрасының құрамындағы А.Болусбекова республикалық олимпиаданың үздік үштігін түйіндеді.

А.Жакеновтың ғылыми-зерттеу жұмысы де үздік үштікте.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткен зияткерлік додада т.ғ.к,. Асылбек Касеновтың жетекшілігімен ПМУ командасы " Машина жасау" мамандығы бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізді: 

Мади Жакенов – екінші орын, Николай Зайченко – үшінші орын. 

Виолетта Некрытая – "Стандартизация, сертификация жəне метрология" мамандығы бойынша өткен ІХ республикалық жоғары оқу орындары арасындағы студенттік пəндік олимпиаданың қола жүлегері атанды. Сонымен қатар, энергетикалық факультет студенттері 

WorldSkills Kazahstan – Pavlodar – 2018 аймақтық чемпионатының электроника бағыты бойынша жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жастар теориялық жəне тəжірибелік білімдерін ортаға салып, түрлі жартылай өткізгішті приборлардың вольт-амперлік сипаттамасын шеберлікпен жасады. Жарыста Дархан Исенов үздік атанып, бірінші орынға ие болды.

Нұржан Бірімқұл - күміс жүлдегер. Айнұр Алтынбек үшінші орынға қол жеткізді. Атап өтерлігі, облыстық кезеңдегі жеңіс жастарға аймақтық команданың құрамында ұлттық чемпионатқа қатысуға мүмкіндік берді.