3 мамырда Павлодар мемлекеттік университетінде IT talks атты жаңа жоба бастау алады.

Бірінші шақырылған спикер – С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің интернационалдандыру жөніндегі проректоры, PhD докторы, Курукшетра (Үндістан) бейнелеу өнері университетінің кафедра меңгерушісі Рам Виранджан.

Профессор Р. Виранджан ІТ технологияларды жарнама және дизайн саласында қолдану туралы әңгімелейді.  

IT talks – ІТ саласының дамуына қызығушылық танытқан кез келген адам қатыса алатын ашық қауымдастық. 

IT talks – кәсіби мамандар, оқытушылар, студенттер мен салаға жаңадан аяқ басқандар үшін техникалық шешімдер, жаңалықтары мен ортақ мәселелермен бөлісуге мүмкіндік беретін жоба. 

IT talks – тәжірибе алмасу бойынша кәсіби қарым-қатынас құралы және кәсіби қарым-қатынас қажеттіліктерін  өтейтін орта.

IT talks – бизнес-қауымдастықтың белсенді қатысушылары мен кәсіби мамандарды бір арнаға тоғыстыратын орын. 

IT talk шараларына қатысу тегін.