С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен дәстүрлі түлектер жәрмеңкесінде студенттер мен болашақ жұмыс берушілер кездесті. Биылғы жылы жоғары оқу орнын 900 адамдан астам жас тәмамдамақ.

Университет түлектері өңірдегі жетекші өндіріс ошақтарының, шағын және орта бизнес, банк және құқыққорғау органдарының өкілдерімен жүзбе-жүз кездесу мүмкіндігіне ие болды. Болашақ мамандар түйіндемелерін тапсырып, алдын ала әңгімелесуден өтті. 

ПМУ студенттерге жұмыспен қамту бойынша көмектесуді игі дәстүрге айналдырған. Осы тектес шаралар Павлодар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылады. 

Өткен жылдардағы сараптамаларға сүйенсек, түлектерді еңбекпен қамту көрсеткіші -95%-дан астам.

Тәжірибелер және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы зинаида Жанпейісованың айтуынша, университет студенттерді кәсіби тәжірибеден өткізу, кейін жұмысқа орналасу бойынша жетекші кәсіпорындармен ұзақмерзімді келісімшарттар жасалған. Келісім шеңберінде 2-4 курс студенттері өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтіп, кейін осы кәсіпорындарға еңбе кжолын бастайды. 

Айта кетейік, түлектер педагогикалық бөлі процедурасынан өтіп, мектеп директорлары және қалалық-аудандық кадрлық қызметтердің өкілдерімен кездесті.