С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжінде SES докторы аға сарапшысы Петера Отто Альтхоффтың (Германия) дәрісі өтті.

Шеберлік сыныбына Ертіс өңіріндегі 30-дан астам колледждің мамандары – арнайы  курс энергетикасының оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың директоры Анна Есенованың  айтуынша,  кездесуге деген жоғары сұраныс бүгінгі таңда көтеріліп отырған мәселенің өзекті екенін көрсетеді. Ал, шетелдік әріптестермен жұмыс тәжірибесі бұл мәселені тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді. 

Петер Отто Альтхофф Еуропа мен Германиядағы энергияны қайта жаңғырту  көздерін пайдаланудың  заманауи әдістемелері  және бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу тәжірибесімен бөлісті.  Сонымен қатар тұсау кесер өткізіп, «жасыл технологияларды» пайдаланудың нәтижесі мен энергия үнемдеудің маңыздылығына тоқталды. 

Бұдан басқа, ол нормативтік базамен таныстыратын қысқа курс ұйымдастырды, газ электр станциялары мен көмір отынындағы электр станцияларының даму мәселелерін қарастырды. Биоотынды пайдалану және күн электр станцияларының құрылысы  туралы баяндады.