С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымы Халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті.

Жоғары оқу орнының ерлер қауымы жыл сайынғы дәстүр бойынша нәзік жандыларға қуаныш сыйлау үшін бойларындағы бар шығармашылық қабілеттерін паш етті. Әйелдер жағы болса, ер азаматтардың қамқорлығы мен махаббатын сезінді. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры филос.ғ.к. Гаухар Ахметова жиналған қауым алдында сөз алды.

«Құрметті ханымдар! Сіздерді шын жүректен көктем мерекелерімен құттықтаймын. Сіздер - біздің университетініміздің мақтанышысыздар! Бүгін ерлер қауымы сыйлаған қуаныш сіздерге әрдайым серік болсын, құрметті әріптестер», - деді Гаухар Ахметова. 

Ер азаматтар әзірлеген концерт жиналғандардың көңілінен шығып, тәнті етті. Әсіресе, сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д, профессор Марат Күдерин мен әріптестері дайындаған музыкалық номер күтпеген сый болды. Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің мерекелік номері, сондай-ақ химиялық технологиялар мен жаратылыстану факультеті оқытушыларының 90-шы жылдардағы стильге сәйкестендірілген театрландырылған қойылым да керемет тарту болды.