С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Гаухар Ахметова жыл сайынғы дәстүр бойынша, жетім және ата-анасыз қалған студенттермен кездесу өткізді.

Ректордың сөзінше, бүгінгі таңда университетте 100-ге жақын жетім және ата-анасыз студент білім алады. Оларға оқу орны жақсы қолдау көрсетеді. Яғни, оқу төлеміне жеңілдік жасап, тегін жатақханамен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, тегін тамақ пен жолақы қарастырылған.

«Сіздердің сапалы білім алып, кәсіби деңгейі жоғары маман болып қалыптасуларыңыз біз үшін маңызды. Мұнда сіздер үшін білім алуға барлық жағдай жасалған, өзіңіз қалаған саланы еркін меңгеруге мүмкіндік бар», деді Г.Ахметова.

Гаухар Ғалымқызы өзінің құттықтау сөзінің соңында өмірлік жағдайда кездесетін қандай да бір қиындықтар мен жағдайларды тез жеңе білетін қабілетті болуға тілектестік білдірді.

Жиын соңында студенттік филармонияның орындаушылары әсем әннен шашу шашты.