Құрамында ПМУ «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к. Сәуле Ксембаева мен педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Самал Антикеева бар делегация халықаралық ЮНИСЕФ жобасы аясында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын күшейту» тақырыбындағы оқудан өтті.

Мектеп жұмысына Албанияның Тиран университетінің профессоры Вероника Дучи,  Қазақстан жоғары оқу орындарының оқытушылары, осы білім беру траекториясының жетекші мамандары және сондай-ақ жұртшылыққа әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізетін түрлі ұйымдар қатысты.

Талқылау барысында әлеуметтік жұмыс саласындағы жаңа технологиялар мен қадағалау, әлемнің әртүрлі елдеріндегі әлеуметтік қызметкерлерді оқытуға арналған модельдер заңмен бақылауға алынған балалармен өзара әрекеттесу аспектілері талқыланды.

Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы ПМУ Қазақстанның Әлеуметтік жұмысшыларының Бірінші Форумында қабылданған Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру бойынша жаңа білім беру және жұмыс топтарын апробациялау бойынша пилоттық жобаны ұсынды. 

- «Қазіргі уақытта әлеуметтік білімнің барлық түрлері әр түрлі айырмашылықтарға ие, олар оқу ұзақтығы мен оқытуға деген көзқарасымен ерекшеленеді.Бұл білім беру жүйесіндегі өзгерістер біздің және әлемдік тәжірибені біріктірумен және бірыңғай оқыту стандарттарын әзірлеу және әлеуметтік қызметкерлерді оқытудың маңызды аспектілерімен байланысты болып табылады» - дейді С.Антикеева.