Павлодар мемлекеттік университетінің Сәулет-құрылыс факультетінің студенттерінің жұмысы 7-ші Еуразия сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің халықаралық фестивалінде жоғары бағаланды.

Жоғары оқу орын студенттерінің кәсіби бағдарын жетілдіру мақсатындағы фестивальге елуден астам жоғары оқу орынның және он бір елдің өкілдері келді.

Фестиваль екі кезең бойынша өтті. Жұмыстарды іріктеу кезеңі Алматыда болса, тұсаукесері Самара қаласында өтті. Халықаралық конкурсқа С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері осымен төртінші жыл қатысуда, жал сайын жүлделі орынға ие болады.

Конкурс қорытындысы бойынша Әзи Қайыргелдинованың жұмысы бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» бағыты бойынша қатысқан Айжан Жұмаш екінші орын алды.  Сондай-ақ, «Архитектура» категориясы бойынша үшінші дәрежелі диплом Мирас Бекеновтың жұмысы үшін берілді.