С.Торайғыров атындағы ПМУ-да ақын және жазушы, Кеңес Одағының батыры Эдуард Асадовты (1923-2004 жж.) еске алу кеші өтті.

Шара «Асадов - ақын, романтик және адам» деген тақырып бойынша, ак. С.Бейсенбаев атындағы ғылыми кітапхананың «Вдохновение» клубының ұйымдастыруымен өтті.

Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері ақынның өмірлік және шығармашылық жолдарымен танысып, лирикалық шығармаларының арасынан «Стихи о рыжей дворняге», «Я могу тебя очень ждать», «Письмо с фронта», «Мне уже не шестнадцать, мама!», «С вечера поссорились супруги» атты өлеңдерін оқыды.

Орыс филологиясы кафедрасының студенті Александр Музыка ақын шығармашылығынан оқырмандар соғыс, сүйіспеншілік, достық, табиғат және сезім тақырырыптарын кездестіре алады.

«Эдвард Аркадьевич адамдармен бір тілде сөйлесе алды және сондай түсінікті жеткізді. Ол өзін дәлелдеген ақын, оның туындыларында өмірге деген сүйіспеншілік сезіледі», - деді ол.

Ақын 1944 жылы көру мүмкіндігінен айырылды. Соның өзінде ол осы мүмкіндікті сезіне алмайтын басқа адамдарға қарағанда өмірді әлдеқайда жақсы және терең сезінетінін көрсетті.

Эдуард Асадов - 50 кітаптың авторы, ол тек лирикалық өлеңдер мен бірге проза да жазған. Оның туындылары татар, украин, эстон, армян секілді көптеген тілдерге аударылды.