Британдық Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы төртінші рет Еуропадағы және Орталық Азиядағы (QS EECA) жоғары оқу орындарының рейтингісінің нәтижелерін жариялады.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті бакалавриат, магистратура және докторантураның 118 мамандығын дайындау бойынша дамушы Еуропа және Орталық Азияның TOP-170 университеттеріне (161-170 орын) ие болды.

Рейтингіге қатысуға 20 елдің университеттері өтінім берген, олардың 250-і бағаланды. Ал Қазақстаннан 19 жоғары оқу орын қатысқан.

QS EECA рейтингісінде сарапшылар жұмыс берушілер арасындағы академиялық беделін, шетелдік қызметкерлер мен шетелдік студенттердің үлесін бағалады. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамының деңгейін, университеттің қызметкерлерінің белсенділігін, ғылыми жұмыстардың дәйектілігін және интернет-ресурстардың тиімділігін есепке алды.