Форумға «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к, профессор Сәуле Ксембаева, психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Айнаш Құдышева және аға оқытушы Самал Аникеева қатысып, әлеуметтік қызметкерлер жүйесін жаңғырту тұжырымдамасының аспектілерін талқылады.

Талқылау шарасына сегіз алаң бойынша 600-ден астам әлеуметтік қызметкер қатысты. Олардың қатарында халықаралық сарапшылар, Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың басшылары, Парламент депутаттары және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Форум барысында кадрларды қайта даярлау, кәсіптік білім беруді және тәуелсіз бағалау жүйесі енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, тұтынушыға әлеуметтік қызметкерлерді таңдау құқығын беретін бірыңғай дерекқорды құру туралы ұсыныстар енгізілді.

Самал Антикееваның айтуынша, бұл сөзсіз бәсекелестік тудырады және жалақы деңгейіне әсер етеді.

Осы сала қызметкерлерінің көбісі шын жүрегімен беріліп, жанашырлықпен жұмыс істейді. Бізде осындай тағдырларға бейжай қарай алмайтын қызметкерлер көп екеніне және олардың саны арта түсетініне сенімдімін.