Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында «Бір жолақ – Бір жол» стратегиясы шеңберінде Екінші Азия-Африка жастар фестивалі өткізілді.

Фестивальдің басты мақсаты - Азиялық-африкалық аймақтың түрлі секторларымен жастар саясаты саласында тәжірибе алмасып, байланыс орнату. 

Жастар фестиваліне Танзания, Мысыр, Алжир, Кения, Шри-Ланка, Үндістан, Оңтүстік Африка және басқа 38 елдің өкілі шақырылды. 

Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында 35 жасқа дейінгі сегіз адам барды. Яғни, ғылым мен өнердің, қоғамдық-саяси қызметтің дамуына өз үлесін қосып жүргендер. 

Қазақстаннан барған делегацияның құрамында Павлодар мемлекеттік университетінің Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Ирина Чидунчи болды.

«Фестиваль қатысушылары пікірталастар мен диалогтарға қатысты. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер саласында және жастар бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты», - дейді Ирина Юрьевна.

Сонымен қатар, қатысушылар бірнеше жоғары оқу орындарына барып, оқу үдерісін ұйымдастыру саласымен танысты.

«Оқыту сыныптары, зертханалары, кітапханасы, жатақханасы, асханасы және оқу бөлмелері жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Университет – бұл мұндай оқитын және тұратын барлық студенттер үшін шағын қала іспетті», - деп бөлісті Ирина Чидунчи.