С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Виктор Семерьяновтың 80 жылдық кеші өтті.

«Виктор Семерьяновқа бару» мерекелік іс-шарасын С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының «Шабыт» кітап оқушылар клубы ұйымдастырды. 

Мерекелік кештің шымылдығы «Виктор Семерьянов. Павлодар. Қала және адамдар» фильмімен ашылды. Онда ақын өмірі мен шығармашылығы туралы көрермендерге көп мағлұмат берілді. 

Шара барсыныда ақынның «Усолка», «Иртыш», «Любимой», «Приходите, гости», «Думаю о маме» секілді басқа да лирикалық өлеңдері оқылды.

Орыс филологиясы кафедрасының студенті Әділ Ибраев Виктор Гавриловичтің керемет ақын екендігін, әртүрлі тақырыптарды қамтитын тамаша талант иесі екенін және өзінің бейнесін өлеңмен қалыптастыра алғандығын атап өтті.

- Виктор Гаврилович табиғаттың тамаша сұлулығын көп жылдар бойы өзінің шығармашылығына арқау етті. Сүйікті өзені Ертісті музасына айналдырды. Бұл туралы әсіресе кеменің капитаны болған жыалдары көп жазды, - деді ол.

Семерьянов шығармашылығы өзінің нәзік лиризмімен, тіл мен ойдың ерекше үйлесімімен ерекшеленеді. 

Оның көптеген өлеңдеріне ән жазылған, олардың кейбіреулері осы шарада айтылды.

Іс-шара аясында әдебиет бөлімінің кітапханашысы Елена Лиханова автордың кітаптарынан, өлең жинақтарынан, Виктор Гавриловичтің аудармаларынан құралған «Ни о чем, что было не жалею...» атты кітап көрмесін ұсынды.