С.Торайғыров атындағы ПМУ-да денсаулық күні аталып өтілді. Өткен сенбі күні оқу орын басшылығы, оқыутшылар және бірінші курс студенттері демалыс күндерін салауатты өмір салтына арнады.

Жаңа келген студенттер осы күні бірін-бірі жоғары оқу орын табалдырығын аттауларымен, өмірдің жаңа белесіне қадам басуларымен тағы бір мәрте құттытады, сондай-ақ командалар өздерінің күшін, төзімділігін және бір-бірімен үйлесімділігін көрсетті. 

Шараның ашылу салтанатына ф.ғ.к., профессор, ПМУ ректоры Гауһар Ахметова қатысып, командаларға жеңіс тіледі. Оқу орын басшысы жиналғандарға осы университетті таңдап, осында оқуға түсу арқылы қазірдің өзінде жеңімпаз атандыңдар деп атап өтті.

Қатысушылар өздерінің физикалық күштерін көрсетіп қана қоймай, ептіліктерін, спорттың барлық түріне деген шеберліктерін, сонымен қатар, музыкалық таланттарын көрсетті.

Әрбір студент спортшы жүгіруші, футболшы және боксшы рөлінде өзін-өзі сынап көре алды. Командалық жарысқа барлық факультеттен қатысушылар келді.