12 тамыз күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында даярлау бағдарламасы бойынша білім алып, кейін запастағы лейтенант атағы берілетін студенттер әскери ант қабылдады. Осы жылы аталмыш бағдарлама бойынша көп профильді жоғару оқу орнының 78 студенті оқу бітіреді.

Қонақтар мен мерекеге қатысушылар алдында даму стратегиясы мен  тәрбиелеу және оқыту бойынша проректор, саясат ғылымдарының докторы, профессор Арман Акишев өзінің құттықтау сөзін жеткізді. «Бүгін ПМУ мен жалпы барлық аймақ үшін ерекше күн. Себебі біздің облыста әскери кафедрасының түлектері 2006 жылы бітірген болатын. 2 жыл бұрын Білім және ғылым министрлігінің, сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің көмегімен әскери кафедраның жұмысы қайта жаңғыртылды. Бұл университет пен аймақ үшін үлкен жетістік болып табылады.»

«Әскери ант қабылдауға кіріс!» командасынан соң, әр студент жеке басымен қолына қару алып, салтанатты түрде Отанына адал болу антын берді.  Осы сәт ант берушілер үшін ғана емес, мерекеге келген олардың туыстары үшін детолқынысқа толы болды. 

Студенттер әскери ант қабылдаған соң, негізгі жеке құраммен сап түзеп, салтанатты маршпен жүріп өтті.  Барлық жиналған қонақтар үшін олар әскери кафедрасының әнұранын орындап, өздерінің соңғы вальстерін билеп берді. 

Салтанатты әскери іс-шара қолы мен жүрегін ұсыну сәтімен жалғасты. Дәл әскери алаңда жас жігіт басқа студенттермен бірге алаңның ортасына шығып, үлкен жүрек құрды. Бұл барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Ардақты «Иә» сөзінен соң, аспанға ондаған әуә шарлары ұшырылды.

«Білім алатындардың қатарына қосылу оңай емес. Екі жыл бойы студенттер әскери тәртіпті, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жарғыларын зерделеді. Соңғы айды олар Шығыс Қазақстан облысында орналасқан 2878 әскери бөлімінде әскери даярлықпен өткізді. Аталмыш бөлімде олар теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануды, атыс техникасын, тактикалық және инженерлік даярлықты үйреніп, басқа да  әскери-оқу тапсырмаларын орындады», -  деп Павлодар мемлекеттік университеті әскери кафедрасының басшысы, подполковник Сәбит Шынтеміров атап айтты.