Қонақжай С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі, Висконсин штатындағы (АҚШ) Элрой қаласының орта мектебінің мұғалімі Бэт Колодзинскиді қонақ етті.

Мейман Қазақстан мен АҚШ арасындағы ауыл мектептерінің байланысына бағытталған «Апалы-сіңлілі мектептері» жобасының аясында келді. 

Бэт Колодзински Павлодар облысының Сарышығанақ ауылындағы орта мектебінің бағыт-бағдары мен жұмысына қанық болды. 

Бэттің мамандығы агроном болғандықтан С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің агротехнологиялық факультетінің тыныс-тіршілігіне аса қызығушылық танытты. 

Сондай-ақ, қонақ мұражай кешенімен, университеттің техникалық және зертханалық базасымен танысты. 

Кездесу барысында Бэт Колодзински ПМУ-нің жергілікті шаруа қожалықтарымен серіктестік орнатудың өте маңызды қадам екенін атап өтті. Қонақтың назарына микроклондау әдісімен вируссыз картоп технологиясын енгізу жобасын ұсынды.   

Бэт Колодзинскидің айтуынша, «Апалы-сіңлілі мектептері» бағдарламасы орта білім беру саласы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық тарихындағы жаңа белес болады.