С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Қазақстандағы және іргелес жатқан аймақтардағы этноәлеуметтік үрдістер: өңірлік деңгейдегі зерттеу жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбына арқау болған халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған бұл кездесуге Алтай мемлекеттік университетінің спикерлері, Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі өкілдері қатысты. 

Т.ғ.к., қауымд. профессор Гульфайрус Жапекова өз ойын былайша түйіндеді: «Кез келген этноәлеуметтік үдерістер эволюциялық және трансформациялық үдерістер сияқты этникалық ортақтықтың маңызды  өзгерістеріне алып келеді.  Солардың ішіндегі негізгілері белгілі бір ұлттың бөлек-бөлек топтарын біріктіретін және олардың басты белгілерін қорғап қалатын этникалық консолидация және мәдениаралық коммуникация болып табылады», – дейді Гульфайрус Қабдұлқызы. 

Жалпы, этноәлеуметтік үрдістерді талқылаған бұл диалогтық алаң өз мұратына жетті. Баяндамашылар университеттердегі айтулы мәселе бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қанықты, өзара тәжірибе алмасты.