Павлодар мемлекеттік университеті қабырғасында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан халықаралық Торайғыров оқулары осымен сегізінші рет ғалымдардың басын қосты. Биылғы ғылыми шара қазақстандықтар үшін елеулі мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтті.

Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов өз сөзінде биылғы конференцияны еліміздің ең үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында өткізіліп жатқанының маңызы зор екенін айтты.

«Бұл заманалық оқиға – халқымыздың орындалған арманы мен үмітінің нәтижесі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың зор еңбегінің арқасында Қазақстанды барша әлем мойындаған, заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды. Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істерімен айшықталып келеді», – деді Н. Ержанов.

Екі романның, бес поэма және көптеген өлеңдер мен очерктердің авторы С. Торайғыров қазақстандықтар үшін – ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның есімі ұлттың рухани жаңғыруы мен ел тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде тарихта қалды. Торайғыров жастайынан өмірдің ең ауыр соққысына ұшырап, қаза болады. Ату жазасын тартқан оның үзеңгілес жолдастары секілді ол да тірі болса атылып кетері анық еді. Десек те, оған тағылған ұлтшылдық айыбы оның шығармашылық мұраларын көптеген онжылдықтар бойына тұмшалады.

Отырыста С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнулина баяндамасында С. Торайғыров шығармашылығындағы Қазақ Елі Тәуелсіздігінің көркемдік тұғыры жайында әңгімелеп берді.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Айтмұхамет Тұрышев өз сөзінде С. Торайғыровтың зияткерлік және мәдени-рухани мұраларын егжей-тегжейлі сипаттап берді.

Загреб Университетінің (Хорватия) биология кафедрасының профессоры Младен Кучинич Павлодар облысындағы халықаралық энтоиологиялық экспедицияся (Қазақстан, Словения, Хорватия) туралы баяндады.