Павлодар қаласының зиялы қауымы химия ғылымдарының докторы, С. Торайғыров атындағы ПМУ химия және химиялық технологиялар кафедрасының профессоры Марат Сүлейменовтің мерейтойын атап өтті.

Марат Сүлейменов – жүзден аса еңбектердің (мақалалар, монографиялар, оқу әдістемелері мен КСРО авторлық куәліктер) авторы.  

Ғалым катализ саласында табысты ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді, сондай-ақ, студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуді де маңыз санайды. 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариев мерейтой иесіне өз құттықтауын арнады:  

– Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтің: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ал Ұлы мұғалім шабыттындырады», – деген ұлағатты сөзі бар. Менің ойымша, мерейтой иесі ұлы мұғалім санатына жатады. Өйткені, онымен кездескенде, мен де әрдайым шабытқа бөленемін.

Марат Әлібайұлын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгімен марапаттады. 

Салтанатты жиынға құрметті қонақ ретінде еліміздің әр өңіріндегі университеттерінің өкілдері келді.