С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Кембридж университеті арасындағы меморандум негізінде арадағы ынтымақтастық жүзеге аса бастады.

Жуырда С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев пен Орталық Азия бойынша Кембридждік кеңестің төрағасы Сидхарт Саксен face-to-face форматында арадағы ынтымақтастықты талқылады. Екіжақ дәрістер оқу курстары мен тағлымдамалар туралы келісімге келді. 

Мұнымен қоса, оқу мекемелері бірлескен ғылыми жобаларды іске асырудың жаңа бағыттары, «Болашақ» және «Эразмус+» халықаралық  бағдарламалары шеңберінде оқытушылар мен студенттерді дайындау жөнінде де мәселелерді қозғады.

Қонақ университеттің зертханалары мен  стартап-академиясы жұмыстарымен танысып, оқу орны туралы қалыптасқан жағымды әсерлерімен бөлісті. «ПМУ-дың академиялық рухына разы болдым. Мұндай жетістіктерге оқытушылар мен студенттердің арқасында жетуге болады. Менің ойымша, студенттердің біздің ғалымдармен тығыз қарым-қатынас құрғаны университетке оң септігін тигізеді. Жақында Кембридж ПМУ зерттеушілерімен, өнертапқыштарымен бірге бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ғалымдарын жіберетін болады», – деді профессор С. Саксен.