2014 жылдың 26 мамыр күні С.Торайғыров ат. ПМУ Металлургия, машина жасау және көлік факультеті күнін тойлады.
Факультет құрамы: «Көліктік техника», «Механика және мұнай-газ ісі», «Металлургия», «Машина жасау және стандарттау» кафедралары.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы 60-тан аса жоғары білікті оқытушылар мен белгілі ғалымдар.
Аталмыш факультеттің оқу-зерттеу ғимараты бар. Ғимаратта Технопарк, оқу залы, денсаулық орталығы, асхана жұмыс жасайды.
Факультет көп жылдар бойы Харьков техникалық университетімен, Мәскеу көлік-жол университеті, Н.Бауман атындағы ММТУ, И.Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлтық техникалық университеті, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясымен әрі таяу және алыс шетелдік ЖОО-мен тығыз шығармашылық қарым-қатынас орнатып келеді.
Бүгінгі күні академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында факультетте Академик Осими атындағы Тәжік техникалық университетінің 4 студенті металлургия мамандығы бойынша білім алуда.
Факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы кәсіби салаларында көптеген жетістіктерге жеткен. Т.ғ.д., профессор Амангелді Нұржауовқа, Нұргүл Смайловаға, Иршек Ибраевқа, т.ғ.к., профессор Мерхат Сүйіндіковке, Радул Сержановқа Халықаралық ақпараттандыру Академиясының Академигі ғылыми атағы берілді. Сондай-ақ, т.ғ.к., доцент Петр Быков, Алексей Богомолов Халықаралық ақпараттандыру Академиясының корреспондет-мүшесі атанды. Ал, Алексей Богомолов өнертапқыш саласының дамуына қосқан үлесі үшін А.Нобел медалімен марапатталды. Мұнымен қоса, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Төкілұлы және доцент Қайролла Абишев Ұлттық машина жасау және көлік академиясының корреспондент-мүшесі атанды. Т.ғ.д., профессор Нұргүл Смайлова Ресей жаратылыстану Академиясы Президиумының ұйғарымымен РАИ корреспондет-мүшесі атанып, арнайы диплом және төс белгімен марапатталды. Және де ғалым РФ «Ғылым мен білімге еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағына қол жеткізді. Т.ғ.к., доцент Оразбике Ибраеваға Ресей жаратылыстану академиясының профессоры ғылыми атағы беріліп, «Еуропалық сапа» Алтын медалі табыс етілді. «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі Жанар Ысқан өскелең ұрпаққа білім беру және тәрбие беру ісіне қосқан сүбелі үлестері үшін «Ыбырай Алтынсарин» сыйлы төс белгісімен марапатталған.
Факультет студенттері де халықаралық байқаулар, республикалық олимпиадалар, облыстық бәйгелер мен ғылыми жобалар жарыстарында әрдайым үздіктер қатарынан көрініп келеді.
Мерекені тойлау факультет өмірімен тынысын паш ететін бейне фильмді көрсетуден бастау алды.
Факультет күні мерекесінің құрметті қонақтары: «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «КSP Steel» ЖШС, «Қамқор вагон» ЖШС, «Павлодар вагон жөндеу депосы» ЖШС, «Нефтехим LTD» ЖШС.
Мереке барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыстары жөніндегі проректор, с.ғ.д., профессор Арман Ақышев оқу орны мен көп жылғы ынтымақтаса жемісті де табысты бірлесе еңбек еткен кәсіпорын өкілдерін арнайы дипломдармен марапаттады.
Ал, Павлодар қаласы машина жасаушылар ассоциациясының м.а. басшысы, С.Торайғыров атындағы ПМУ түлегі Ермек Абдуғалымұлы факультеттің үздік студенттеріне диплом табыс етті.
«Үздік кафедра» байқауының нәтижесін Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағанов Төкілұлы «Механика және мұнай-газ ісі» кафедрасына бірінші орынды иеленгені үшін деканның көшпелі Кубогін табыс етті.
Жиылған қонақтардың көңілін КВН командасы, тамылжыта ән салған әншілер мен мың бұралған бишілер аулап, көрерменді өнерімен тамсандырды.