Торайғыров университетінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты шара университеттің оқытушылары мен қызметкерлерін біріктіріп, әйелдер қауымының білім, ғылым және қоғам дамуына қосқан үлесін құрметтеу мен тану символына айналды.

 

 

Сахнадан музыкалық және вокалды нөмірлер, театрланған қойылым, поэзиязия орын алып, көрермендерге мерекелік және көктемгі көңіл-күй сыйлады.

 

 

Университеттің нәзік жандарын құттықтай отырып, TOU ректоры Нұрлан Медетов бүгінгі күні арулардың ғылым дамуына және университетті басқаруға белсенді қатысып жүргенін атап өтті. Қазіргі таңда университеттегі 35 ғылыми-зерттеу жобасының 11-ін әйел ғалымдар басқарып отыр. 2025 жылы Scopus дерекқорында олардың қатысуымен 91 ғылыми мақала жарияланды. Сонымен қатар, университетте 49 әйел басқарушылық қызмет атқарып жатыр – олардың ішінде кафедра меңгерушілері, факультет декандары, бөлім басшылары және проректорлар бар.

 

 

Мерекелік концерт университет аруларына кәсіби салада, ғылыми қызметте және отбасылық өмірде табысты болып жүргендері үшін алғыс пен құрмет көрсету.

 

 

Бұл салтанатты шара мерекелік күннің қорытынды нүктесі, таңертеңнен басталған мерекелік көңіл мен ықылас - оқытушылар мен қызметкерлерді ұжымның ерлері гүл шоқтарымен қарсы алуының жалғасы да болды.