Торайғыров университетінде Білім күні өтті.  

Жоғары оқу орнының ректоры Еркін Садықов құттықтау сөз сөйледі:

- Мен сіздерді жаңа оқу жылының қарсаңында қарсы алғаныма қуаныштымын. Сіздердің көпшілігіңіз үшін бұл студенттік өмірге алғашқы қадам. Торайғыров университетінің студенті болу - абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік. Біздің университет көрнекті ағартушы және патриот Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімімен аталады және сіздердің әрқайсыларыңыз біздің қоғамның дамуына өз үлестеріңізді қоса отырып, оның ісін жалғастыра аласыздар. Сіздерге оқуда табыс, жарқын әсер және ұмытылмас студенттік жылдар тілеймін, - деп атап өтті ЖОО ректоры. 

Сонымен қатар, жаңадан келген студенттерді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова құттықтады.

Сонымен қатар, факультеттермен танысу, студенттік филармонияның концерттік бағдарламасы, Майкл Джексон стиліндегі "Welcome ToU-2024" фестивалі өтті. 

Барлық студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!