Торайғыров университетінің студенттік филармониясы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде.


Айта кету керек, филармония тарихы 2003 жылдан басталады. 
- Осы уақыт ішінде шығармашылық ортада концерттер, театр қойылымдары, мерекелік және салтанатты кездесулер дайындалып, өтіп жатты. Бүгінгі таңда ол университеттің маңызды бөлімшелерінің бірі, онда өз ісіне адал мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, студенттік филармония өкілдері ірі аймақтық және республикалық алаңдарда өнер көрсетуде. Филармонияның жұмысына қатысы бар барлық қызметкерлерді 20 жылдық мерейтоймен құттықтағым келеді. Бүгін біздің залда бір кездері осы жолды алғаш бастағандар да бар, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Бүгін сахнада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы ұлттық консеваторияның "құрметті профессоры" Жанас Бекентұров және қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі   Талғат Кәрімов сынды танымал дирижерлер мен филармонияның басқа да көптеген солистері, сондай-ақ еліміздің еңбек сіңірген әртістері өнер көрсетті. Сонымен қатар, әр жылдардағы филармония әртістерін Торайғыров университетінің алтын медальдарымен және  грамоталарымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.