Торайғыров университетінің студенттері "Kaz Minerals Bozshakol" ЖШС кәсіпорындарына барды. 

 

ЖОО делегациясына кәсіпорынның өндірістік базасын, негізгі технологиялық процестерді, Индустрия 4.0 технологиялық процестерін автоматтандыру жүйесін, сондай-ақ кәсіпорында енгізілетін ESG элементтерін көрсетті. Сонымен қатар, кездесуде инженерлік және компьютерлік мамандықтар студенттері үшін практикадан өту, университет студенттеріне оқуға гранттар беру және кәсіпорында одан әрі жұмысқа орналасумен ЖОО түлектерінің тағылымдамадан өту мәселелері талқыланды. 
KAZ Minerals Бозшакөл ЖШС Қазақстан Республикасының Павлодар облысындағы ашық үлгідегі ірі ауқымды мыс кеніші болып табылады. Компания жылына шамамен 30 миллион тонна мыс кенін өңдейді, кен орнының қызмет ету мерзімі шамамен 40 жыл, орташа мыс мөлшері 0,33% құрайды. Kaz Minerals қызметінің негізгі өнімі - мыс, сондай-ақ ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс және алтынның едәуір көлемі өндіріледі.
- Дуальды білім беру білікті мамандарды даярлаудың және оқу орындары мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесудің қуатты құралы болып табылады. Бұл білім беру жүйесін нығайту және жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін маңызды қадам, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Жақында "Kaz Minerals Bozshakol" ЖШС өкілдері энергетика, Computer Science және инженерия факультеттерінің студенттерін KAZ Minerals Bozshakol" ЖШС қаржыландыру есебінен оқыту мүмкіндіктері туралы айтты