«Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушыларының бастамасымен Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш Талғат Жақыпбекұлы Бигельдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Аспанды бағындырған батыр!» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары, магистранттары және студенттері қатысты. Іс-шараны кафедра меңгерушісі Ж.Д. Кабиденова алғы сөзімен бастады. Шарада т.ғ.к., профессор Б.Ж. Елмұратова  «Тау тұлғалы азамат», т.ғ.к., профессор Тұрлыбекова А.М. «Талгат Бигельдинов - легенда казахстанской авиации», PhD докторы, қауымдастырылған профессор Рахимов М.И. «Талғат Бигельдинов - адамгершілік пен ерліктің үлгісі», магистрант Баймульдина С.Ж. «Аспан адамы - Талғат Бигельдинов» баяндамаларын ұсынды. Аға оқытушы Каскабасова А.А. іс-шараны қорытындылап, түйінді сөзін айтты.
Дөңгелек үстел қатысушылар мен қонақтар үшін қызықты және маңызды болды. Еліміздің болашағы үшін жанын аямаған батырларымызды ұлықтап, жастардың патриоттық сезімдерін арттырды.