Торайғыров университетінде Эксетер университетінің (Ұлыбритания) археозоология профессоры Алан Оутрам археологиялық зерттеулер орталығының директоры Виктор Мерцтің шақыруымен дәріс оқыды. 

Алан Оутрам студенттер мен оқытушыларға жылқыларды қолға үйрету және бұл үрдісті зерттеудегі Ботайдың ролі туралы әңгіме қозғады. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан жеріндегі жылқылардың ерте доместикация формасын растауға қатысты зерттеу нәтижелерімен бөлісті. 

Профессор Виктор Мерцпен бірге жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Торайғыров университеті хлықаралық жобаларға ұзақ уақыт  бойы қатысып жүр. Жобалар шеңберінде неолиттену және Еуразияның далалық жерлеріндегі шаруашылықтың дамуы бойынша зерттеулер жүргізілуде.  

 - Біздің археологтар біздің заманымызға дейінгі V-IV мыңжылдыққа тиесілі неолит және энеолит ескерткіштерінің материалдарын зерттеп келеді. Олардың қатарында Ботай, Бөрлі, т.б. археологиялық ескерткіштер бар. Бұл жерлерде ежелгі жылқылардың сүйектері табылған. Павлодарлық ғалымдардың зерттеу нәтижелері "Science», «Nature» және «Cell» атты рейтингі жоғары ғылыми журналдарда жарық көрген, - деді ректор Еркін Садықов.