Торайғыров университетінде «Қазақстан жоғары оқу орындарында жастар кәсіпкерлігін дамыту» дөңгелек үстелі өтті. Кездесу «Кәсіпкерлік университет жоғары білім беруді трасформациялау тәсілі ретінде: ауысу мәселелері» ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды. 

Кездесуге жиналғандар алдында университеттің академиялық мәселелері жөніндегі проректоры Пётр Быков сөз алды. 

- Біздің заманымызда кәсіпкерлік мәселелері аса маңызды. Себебі, қазіргі уақытта жұмыс берушілер кәсіпкерлік тұрғысынан ойлай алатын адамдарға мән береді. Сондықтан, біздің университет бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда, - дейді  Петр Быков. 

Шараны әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасы ұйымдастырды. Жиын барысында университеттерде жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және қалыптастыру, сонымен қатар, білім алушылардың кәсіпкерлік компетенциялары мәселесі талқыланды. ЖОО студенттері мен қызметкерлері баяндама жасады. Дөңгелек үстелге онлайн-режимде Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme in AlmaU жобасының үйлестірушісі, инновациялар мектебінің академиялық деканы Данияр Медетов қосылды.