С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың тарихындағы 2001 жыл түбегейлі өзгерістерге толы жыл болды. Сол жылы вуз басшылығына қуатты жас басшы келді, қазіргі таңда ол адамға бұл өңірде тең басшы жоқ десек те болады. Е.М.Арын ғылыми базаның дамуына ерекше көңіл бөлді, оның принципі – білімді ғылыми негізге бағыттау. Ғылыми бағыттардың барлығын да қолдап отырды, тарихи ғылымның дамуына көп үлес қосты, мәдениет пен өзін-өзі танудың негізін жасады, барлық бағыттағы мамандарды соған тартты. Сол бағыттардың бірі – археология. Осы жылы ПМУ-да Павлодар археологиялық экспедициясының базасында Әлікей Хақанұлы Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Университет ғалымдары «Павлодар-Ертіс өңірінің аумақтық этномәдениетін зерттеу» атты бағдарлама жасады. Оған археологиялық блок енді, тас дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі өлкенің ежелгі тарихының барлық сатыларын қамтиды.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Орталықтың қызметкерлері жұмысты хронологиялық жүйе бойынша шапшаң жүргізуге тиіс болды. Зерттеулердің нәтижесінде «Павлодар Ертіс өңірі» атты энциклопедияға ондаған мақалалар жазды, өлкенің жартасқа салынған суреттерді бейнелейтін альбомдар, орысша-қазақша археологиялық сөздіктер және оқу құралдарын шығарды; облыстағы археологиялық ескерткіштер жайлы сериялы оқу-деректі фильмдер түсірілді. 2003 жылдың қаңтар айында оқу-археологиялық мұражай ашылды, ол университеттің мақтанышы. Павлодар археологиялық экспедициясының материалдары оның негізін құрады, ол материалдар 15 жыл бойы, 1988 жылдан бастап жиналған болатын. Осы уақыт аралығында құнды археологиялық материалдар жиналды. Көп қабатты Шідерті – 3 тұрағынан 50 мың коллекция сақталған. Экспедиция кезінде көптеген ескерткіштер зерттеліп, нысанаға алынды, олар біздің өлкенің тарихынан, сонау адамдар ең алғаш пайда болған кездерден бастап қазіргі заманға дейінгі кезден хабар береді. Ежелгі Ертіс өңірін ғана таныта қоймай, сонымен қоса осы өлкенің бай мәдениетін және Павлодар археологтарының еңбегінің нәтижесін де байқатады, оның білімилік те рөлі жоғары, осы мақалада сол жайлы тергемекпіз.
Экспозицияны құрудағы басты мақсатымыздың өзі археологиялық үлгілер арқылы ежелгі дәуірден бастап орта ғасырға дейінгі Павлодар өңірін мекендеушілердің материалдық және рухани мәденитінің қандай болғанын жан-жақты таныту болатын. Экспозицияда схема арқылы Павлодар Ертіс өңірінен табылған Юта тегінің дамуы, палеолит дәуіріндегі құрал-жабдықтардың үлгілері және палеолит дәуіріндегі тұрақтар мен тас дәуірінің ескерткіштеріне жалпы көрініс берілген. Бөлімдерге бөлінген, олар: төменгі, ортаңғы, жоғарғы палеолит, мезолит, неолит, энеолит және қола дәуірі (ерте, дамыған, кейінгі қола), темір дәуірінің бөлімдері және ғұн-сармат кезі, қабырғаға, тасқа салынған суреттер, орта ғасырлардағы оба, тас мүсіндер көрсетілген. Ерте, дамыған, кейінгі орта ғасыр мен этноархеология бөлімдерінде, Андронов мәдениеті мен қорғантас типті ғұн-сармат дәуіріндегі жерленген орындарды қайта қалпына келтіру, қимақ дәуіріндегі кенотафа (өлген адамның денесі көмілмей, жерлеу рәмізін жүргізу). Жерлеуде қолданылатын құрал коллекциялары көрініс тапқан. Керамика үлгілері, қола, алтын, тас бұйымдар, қару, белбеу, жүгендер, теріден, бұлдан, қабақтан жасалған бұйымдар. Сонымен, экспозициялар палеолит дәуірінен – ежелгі тас дәуіріне дейінгі Павлодар Ертіс өңіріндегі ескерткіштерден, ертедегі антропогенез кезеңімен байланысты және бұдан бұрын 1,5 млн. жыл бұрын қоныстанған ежелгі Евразиядағы гомонидтер жайлы.
Подпуск – Лебяжі фауналық кешеннен мал сүйектерінен жасалған қарулар табылды, олар олдавай дәуірі кезі, яғни 2 млн. жыл бұрын, кейінгі полиоцеп дәуірінің ескерткіштері. Одан да кейінгі ескерткіштер Лебяжі ауданының Жамбыл селосынан және Маралды көлінің маңынан табылды, олар ежелгі, қалдық мал сүйектерінен жасалған. Ертіс өңірінің тұрғындары қару жасауда өзен малтатастарын пайдаланған.Облыстың сол жақ жағалауындағы алғашқы қауым адамдарының ежелгі қоныстары шикізат көздеріне таяу орналасқан, сол жерлерге шеберханалар тұрғызып, тас қарулар жасаған. Құдайкөл маңындағы көп ескерткіштер зерттелді, ескі Екібастұздағы Ақ-Бидайық тоғайлы сайдан палеолит дәуіріндегі құрал-жабдықтар табылды, олар сол заман, тас дәуірінің технологиясының дамуынан хабар береді, аңшылар: піл, зіл (мамонт), жүнді мүйізтұмсық (носорог), т.б. ашель (700-100 мың ж. бұрын) және мустьер (100-35 мың жыл бұрын) дәуірінде Ертіс өңірін мекендеген ірі аңдарға қарсы осы қаруларды қолданған. Бұл кезең ертедегі ата-бабаларымыз бен қазіргі адамдар питекантроптар мен неандерталдтар байланысын білдіреді.
Кейінгі палеолит материалдар Екібастұз – 15 тұрағындағы ескерткіштерінен алынған.
Палеологиялық материал
Палеологиялық материал Екібастұз-18,20 тұрақ шеберханалық құралдарымен және тасбалта құралдарының орналасқан Ертіс өңірінің Лебяже, Қаратерек және Жломагул тұрақтарымен ұсынылады. Бұлар гопперлер, чоппингтер, венгатые құралдар, нуклеустер, қол шапқы және на отщепах құралдары. Материал тас құралдарын қайта өңдеу техникасы бойынша безендірілген. Бұл құралдардың жасалу методикасын көрсетумен бірге ежелгі адамдардың өмір сүру жағдайын түсінуге және берілген тарихи кезеңмен оқырманды жақындатуға мүмкіндік береді.
Павлодар Ертіс өңірінің ежелгі тас дәуірінің тарихи кезеңін терең түсіну мақсатында дүниежүзі тарихы мен басқа да Батыс және Шығыс Еуропа палеологиялық ескерткіштерінің арасында параллель жүргізілген. Украинаның Мепсеречье ауылынан табылған қайта өңделген зіл сүйегенен жасалған үйлер палеологиялық өнер үлгілерімен безендірілген. Палеологиялық өнер – зіл бивней мүсіндері мен үңгірлердегі бейнелеу өнері.
Палеолиттен неологизмге өту бөлімінде – мезолит дәуірінде, тасты өңдеу техникасы бойынша безендірулер ұсынылған. Олар бұл уақытта қиындатылған және жетілдірілген. Солтүстік-Шығыс Қазақстанның территориясында тасты техникалық тәсілдермен өңдеудің дамуын пышақ тәріздес пластиналардан жасалған құралдар коллегиясы арқылы көруге болады. Олар тас дәуіәрінің Шідерті-3 көпқабатты тұрақтың мезолиттік қабатында пайда болған.
Неолит дәуірінің экспозициясы. Неолиттік революциямен байланысты процестерді, ауылшаруашылығының түрлерінің және жаңа табиғи материалдарды меңгерудің кезеңінің тууын көрсетеді. Бұл процестер керамикалық алғашқы жетілген фрагменттерін көрсетумен қатар, қиындатылған пластинка тәріздес құралдарымен бірге пайда болған макромиттер – тас балталар, мотталар скрелба және тағы басқа құралдар Шідерті-3, Щербақты-1, Мичурино-2 тұрақтарынан табылған. Энеолиттік дәуір аймақта шаруашылықтың оның ішінде малшаруашылықтың тұрғызылуымен байланысты. Мал шаруашылығы ірі қара мал мен жылқыларды өсіру негізінде құрылды. Энеолиттік дәуір Шідерті-3 тұрағының жоғары мәдени материалдар экспозициясымен көрсетілген. Ол көптеген қызықты да бірегей заттардан тұрады: жебелердің ұштары, бұрғылар, плиткалы пышақтар, ұштағыш тастар, «үтікшелер», сүйек пышаққа арналған қораппен және екі жақтан өңделген қорапшалар, керамика энеолиттік техниканың үлгілері тасты. Ыдырату ат әрі қарай пайдалану болып табылады. Көрсетілген ядрана экспозицияларында отщептерді алу және ондай бұйымдар жасау қырғыштар, пышақтар және екі жағынан өңделген құралдар – пышақ қызметін атқарған бифастар, қырғыштар, скабелялар тағы басқа бұйымдар жасалған.
Энеолиттік адам мүсінін қайта өңдеуін ерекше белгілеу қажет. Ол танымао ресей антрополог Я.Т. Яблонскийдің Шідерті-3 тұрағынан жерлеу материалдарының негізінде жасаған. Осы экспозицияда көрсетілген дала бөкенінің және көлбатра тісінен жасалған алқа осы жерлеуде табылған.
Қола дәуірінің бөлімі Григорьевка ауылында табылған шұңқыр типтес жерлеу материалдарынан және Шідерті-10, Шәуке-3 қонысында, Ленчуринода табылған кротовтық-елуникдік ескерткіштерден басталады. Олар Қазақстан территориясында ерте қала кезеңінің әлі зерттелмегеніні көрсетеді. Бұл тайпалар мәдениетінің дамуымен, андроновтық ескерткіштердің пайда болуымен байланысты. Бұл ыдыстың сыртынан жапсырылған оюлар керамикасы мен сүйектен, тастан, қоладан жасалған заттар. Мұнда турбгенді-сеймендік типтес қола кельтбалта және бұл қола дәуірінің ғажайып мәдени фенолині безендірілген басқа да құралдар әртүрлі мұражайларда сақталған. Найзаның ұштары, гельттер, сонымен қатар оларды пайдалану ережелері де көрсетілген.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қазба жұмысы
Ежелгі темір дәуіріндегі біздің өлкемізге қатысты экспозиция, тасмола және сорғат мәдениетінің есерткіштерін үйренушілерге жекелеген заттар мен иллюстративті фотоматериалдар ұсынылады. «Мұртты» рәміз қорғаны және скиф бұғыларының суреттері бейнеленген тас төсеніштер Торайғыр көлінің жағасында табылған, қола пышақ және ертесақтардың садақ ұшы, тас құрбандары және реконструктивті-керамикалық экспозицияда темір садақ ұшы, керамикалық ыдыстар, әшекейленген және бірегей үлгідегі ғұн-сарматтық эпостардың суық қаруы ұсынылған.Акинака – сарматтардың кездейсоқ әдемі сақталған қылышы.
Қорғантас мәдениетінің материалдары арқылы Шідерті -17 мазарынан табылған ғұн-сармат соғысы дәуірінің тас жәшіктерінің құрамына реконструктивті қазба жұмыстары жүргізілді.
Орта ғасыр дәуірі мәнзара, дала пейзаны, қорған және тас мүсіндері экспозициясынан басталады. Түрік эпостарының символы және реконструкцияланған кенотафа – қимақ соғысында жат жерде қаза болғандардың киімдері мен қарулары табылған. Бұл бірегей үлгідегі рәмізді тәжірибенің арқасында ортағасырдағы Ертіс бойы көшпенділерінің экспедициясында Григорьевка ауылында барлық ортағасырдағы қазбалар табылды. Оларда құнды үзеңгі және белбеу жиыны, әшекейленген темір қылыш, керамика ыдыстары және темір садақ ұшы, сүйекті жебе қалдықтары, ағаш, тері өнімдері, жібек және басқа да маталардың бөліктері экспозицияда ұсынылған.
Ерте темір дәуірі
Орта ғасыр дәуірінің қоныстарынан шыққан заттар және балшықтан соғылған керамикалардың, металдық өнімдердің бөліктерімен ұсынылды. Баянауыл тауларының маңынан табылған орта ғасырлық көшпенділердің жартастағы суреттері фотосуреттік материалдармен қамтылды. Шідерті – 3 тұрағының қазбасынан табылған күміс айна және әшекейлер монғол дәуіріне жатады.
Кейінгі орта ғасыр қазбалар жинағы ХІV-XVIғ мемориалды ескерткіштермен культтік архитектураның кірпіш және керамикалық қалдықтарымен экспозицияға ұсынылды. Ә. Марғұлан атындағы Қазақстан Республикасы археология Институтымен бекітілген Ертіс экспедициясында Май, Баянауыл, Екібастұз, Ақтоғай аудандарында зерттеулер жүргізілді. Осындай ескерткіштерінің бірі «Калбасунская башня» деп аталатын Май ауданында қанша жылдан бері ұсынылады.
Тарих ғылымында ең жас және үмітті бағыттардың бірі – этноархеологияға арналған бөлім бар. Бұл бөлімде облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан Железинка ауылының маңындағы Вторы-3 мекенінің барабанды татар мәдениеті, қазақтардың қыстау кезіндегі заттары, орыс мекендері мен XVIII-XIX ғ.ғ.-ғы зираттар жөнінде материалдар бар. Керамикалық ыдыстар, іштен киетін крестер, тиындар мен Лебяжі ауданының форпосты мен Железинка ауданының бекіністерінен табылған батырғы, өңделмеген кірпіштен жасалған мазарлардың суреттері, антропоморфты кескінді құлпытастар, жазулары бар еске алатын және қабір басына қойылатын тастар.
Қазақтың ғалымы, Қазақстан археология ғылымының негізін салушы академигі А. Х. Марғұланның 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық көрме экспозициясымен аяқталады. Мұнда оның фотосуреттері, қолжазбалары, суреттері, жеке заттары, блокноттары, дәптерлері, археологиялық олжалары, өмірінің кезіндегі және мерейтойлардың басылымдары ұсынылған.
Осылайша, ежелден тарихи кезеңге дейін Павлодар Ертіс өңірінің территориясында қалыптасқан материалды мәдениеттің дамуында көптеген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде музей экспозициясы бай фактілік материалда құрылды. Онда үлкен көлемде ежелгі тарихтың барлық кезеңі, сонымен қатар археология ғылымының даму тарихы ұсынылған. Ол Қазақстан халқының ежелгі мәдениеті туралы нақты мәлімет беріп, бұл тарихты терең түсінуге мүмкіндік береді. ЖОО-ғы оқу мұражайлары тарих ғылымының дамуында үлкен рөл атқарып, сонымен қатар болашақ тарихшыларға, басқа да мамандықтардың студенттеріне өз үлесін қосады.
Мұражайдың экспозициясы жаңа экспонаттармен, студенттердің тәжірибесі мен археологиялық орталықтың зерттеулерімен әрқашан толықтырылады. Жаңа табылған заттар кішкене бөлімшелерде қорытынды материалдар түрінде көрсетіледі, кейіннен ең үздік бөлігі күнделікті экспозицияға көшіріледі. Қазіргі кезде онда мыңға жуық зерттеулер бар, олар төрт аймақтық кезеңдер ішінде 2001 жылға дейін Павлодар археологиялық экспедициясы мен ПМУ экспедициясымен жинақталған болатын. Жалпы археологиялық зерттеу орталығының қорында бірнеше, мыңдаған заттар бар. Мұндай археологиялық қоры бар, ғылыми орталық пен мұражай көп жер жоқ, сондықтан да біздің археологиялық орталығымыздың үлкен болашағы бар.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің біріккен археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры В.К.Мерц.