Кафедраның оқытушылары әлеуметтік жұмыстың, педагогиканың, психологияның әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын белсенді жүргізеді. Ғылыми-зерттеу жұмысы кафедраның үш ғылыми мектеп бағыттары бойынша жүргізіледі:

- Көпдеңгейлі білім беру жүйесінде кәсіби дайындықтың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу (жетекшісі: п.ғ.д., профессор Бурдина Е.И.);

- Ана болуына психологиялық дайындық (жүкті әйелдер және жас аналар) (PhD докторы, қауымдастырылған профессор Г. М. Тулекова, аға оқытушы С. К. Антикеева);

- Мектеп психолог пен ұйым психологтың жұмысына арналған ұйымдастырушылық пен психологиялық көмек (жүкті әйелдер және жас аналар) (PhD докторы, қауымдастырылған профессор Г. М. Тулекова, аға оқытушы С. К. Антикеева);

- Болашақ мамандардың парасатты еңбек мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік-технологиялық негіздері (п.ғ.к., профессор В. Х. Адилова, п.ғ.д., профессор Е. И. Бурдина).

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық және шетелдік конференцияларға белсене қатысады (Германия, Ресей, Польша, Украина, АҚШ, Англия, Ұлыбритания, Чехия, Болгария, Қытай, Қырғыстан), және үнемі квалификацияларын көтеріп отырады.

2007 жылы Е.М.Арын, Н.Э.Пфейфер, Е.И Бурдина, М.В.Семенова, Л.Ю.Гущина «XXI ғасырдағы педагогтың кәсіби дайындығының теоретикалық аспектілері» атты оқу құралы үшін педагогика облысы бойынша үздік зерттеулері үшін Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. П.ғ.д., профессор, К.М.Кертаева - «2007 жылдың үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

П.ғ.д., профессор Е.О.Жуматаева «2007-2009 жылдардағы Қазақстанның тұрақты дамуының негізі ретінде – ұлттық идея» қолданбалы ғылыми зерттеудің ашық конкурсының жеңімпазы болды.

В. Х. Адилова - «Болашақ мамандардың парасатты еңбек мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік-технологиялық негіздері» ҚР ББҒМ граннтық жобасы.

Г. М. Тулекова – PhD докторы дипломын алу, ПМУ-дың қауымдастырылған профессор атағын берілуі

Р. Ж. Аубакирова – докторлық диссертацияны қорғау, 2016 ж., 2017 жылғы 21 наурыздағы №228 бұйрық

С. К. Ксембаева – мерекелік медальмен марапатталды

А. А. Кудышева - ADA anniversary fellowship program, the USA, ASU

Б. Д. Каирбекова – жоғары білім беру дамуына ерекше үлес қосқаны үшін облыс әкімінің мадақтасымен марапатталды. 

Халықаралық байланыстар кеңейтілді және келесі университеттерімен білім және ғылым саласындағы академиялық ынтымақтастық туралы халықаралық келісім-шарттарға қолдары қойылған: Томск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей, Томск), Латвия университеті, Башқұрт мемлекеттік университеті, Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы, А. А. Кулешов атындағы Могилев мемлекеттік университеті, Палацки университеті, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті.