Журналистика кафедрасы келесі 3 мамандық бойынша мамандарды даярлайды: 

1. 5В050400 – «Журналистика» (Образовательная программа)

«Журналистика» мамандығының бакалавры отандық және шетелдік электронды және баспа БАҚ-тарында; отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктерде, мемлекеттік және тәуелсіз органдар жанындағы жаңалықтар қызметтерінде; отандық және шетелдік басылымдарда және полиграфиялық кешендерде; отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтерінде; Қазақстандағы және шет елдегі қоғаммен байланыс жөніндегі құрылымдар мен бөлімшелерде; Қазақстанның және шет елдің саяси, әлеуметтік, маркетингтік зерттеу және консалтингтік құрылымдарында; жарнама агенттіктерінде; желілік ақпараттық құрылымдарда; ойын-сауық қызметтері мен акциялар нарығында жұмыс істей алады.

Университет түлегі магистратураға түсіп, іс жүзінде журналистика саласындағы ғылыми мансабын арттыра алады.

5В050400 — «Журналистика» мамандығы бакалавриатының түлегіне әлеуметтік білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктіліктер мен лауазымдар:

- тілші;

- репортер;

- әдеби қызметкер;

- баспасөз хатшысы;

- референт;

- шолушы;

- түсініктемеші;

- жаңалықтарды жүргізуші;

- модератор;

- продюсер;

- редактор;

- редактор орынбасары;

- жауапты хатшы;

- публицист;

- қоғаммен байланыс жөніндегі маман;

- коммуникациялар құрылымының менеджері;

- сарапшы-ақпаршы;

- спичрайтер;

- веб-редактор;

- редактор-маман;

- жарнама агенті және т.б.

2. 6М050400 – «Журналистика»

«Журналистика» мамандығының магистрі отандық және шетелдік электронды және баспа БАҚ-тарында; отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктерде, мемлекеттік және тәуелсіз органдар жанындағы жаңалықтар қызметтерінде; отандық және шетелдік басылымдарда және полиграфиялық кешендерде; отандық және шетелдік мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтерінде; Қазақстандағы және шет елдегі қоғаммен байланыс жөніндегі құрылымдар мен бөлімшелерде; Қазақстанның және шет елдің саяси, әлеуметтік, маркетингтік зерттеу және консалтингтік құрылымдарында; жарнама агенттіктерінде; желілік ақпараттық құрылымдарда; ойын-сауық қызметтері мен акциялар нарығында жұмыс істей алады.

6М050400 — «Журналистика» мамандығы магистратурасының түлегіне әлеуметтік ғылым магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктіліктер мен лауазымдар:

- тілші;

- репортер;

- әдеби қызметкер;

- баспасөз хатшысы;

- референт;

- шолушы;

- түсініктемеші;

- жаңалықтарды жүргізуші;

- модератор;

- продюсер;

- редактор;

- редактор орынбасары;

- жауапты хатшы;

- публицист;

- қоғаммен байланыс жөніндегі маман;

- коммуникациялар құрылымының менеджері;

- сарапшы-ақпаршы;

- спичрайтер;

- веб-редактор;

- редактор-маман;

- жарнама агенті;

- БАҚ-тағы барлық деңгейдегі басшы;

- оқу орнының оқытушысы.

3. 6М091000 – «Кітапхана ісі»

«Кітапхана ісі» мамандығының магистрі республикалық, облыстық және түрлі кітапханаларда, мәдениет және кітапханалық білім беру ұйымдарында жұмыс істей алады.

Кітапхана ісінің магистрі дәрежесін иеленген түлек келесі міндеттерді атқарып, мынадай қызметке тұра алады:

- кітапханашы;

- республикалық, облыстық және басқа да кітапханалардың библиографы;

- әдіскер;

- ақпаршы;

- кітапхана секторының меңгерушісі;

- мұрағатшы, құжаттанушы;

- мұражай қызметкері;

- ҒЗИ-дің кітапханалық-ақпараттық бағыттағы ғылыми қызметкері;

- мәдени-ағарту училищесінің, кітапханалық колледждің оқытушысы;

- оқу орнының оқытушысы;

- мәдениет саласының барлық деңгейдегі басшысы.

6М091000 — «Кітапхана ісі» мамандығы магистратурасының түлегіне ғылым магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

 

Білім беру бағдарламалары

6М050400 «Журналистика» мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты әдіснамалық мәдениетіне ие, қарқынды дамудағы ортаға бейімді журналистика саласының компетентті маманын даярлау үшін жағдайды қалыптастыру болып табылады. 

Осы білім беру бағдарламасын тамамдаған түлекке «Әлеуметтік ғылым магистрі» академиялық дәрежесі тағайындалады.  

Кәсіби пәндерді оқытудың мақсаты – түлектердің мамандығы бойынша тез арада жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беретін бәсеке қабілеттілігін, студенттердің білім саласында жеке бағдарламаларды таңдауын қалыптастыру. 

5В050400 - Журналистика мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының түлегіне "әлеуметтік білім бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.

6М091000 «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім берудің жалпы білім беру мақсаты – түлектердің толыққанды, сапалы кәсіби білім алуы үшін жағдай жасау, кәсіби біліктілігін дамытуды, кітапхана ісінің дамуы және жетілдіру саласындағы кәсіби құзіреттілігін қамтамасыз ету.

Базалық пәндерді оқытудың мақсаты – кітапханатану, кітап ісі библиографиясы, кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық әрекеттер салаларында фундаменталды білім алуына жағдай жасау. 

Аталмыш білім беру бағдарламасының түлегіне «ғылым магистрі» дәрежесі беріледі.