Кафедра төрт білім бағдарламасы бойынша машина жасау саласындағы мамандарды дайындайды:

Кафедра бес білім бағдарламасы бойынша машина жасау саласындағы мамандарды дайындайды:

- бакалавриаттың екі мамандығы бойынша:

1) 5В071200 — Машина жасау, Білім беру бағдарламасы

2) 5В073200 — Стандартттау және  сертификаттау (салалар бойынша), Білім беру бағдарламасы

және магистратураның үш мамандығы бойынша:

1) 6М071200 – Машина жасау

2) 6М075000 – Метрология.

3) 6М070900 – Металлургия, материалтану және металл өңдеуден білім беру бағдарламасы. 

2018 жылдың тамыз айында 6D071200 – Машина жасау мамандығы бойынша PhD докторларын дайындау бойынша білім беру қызметіне лицензия алынды.

Білім беру бағдарламалары

5В071200 – “Машина жасау”

Оқыту түрі – күндізгі және орта кәсіби негізіндегі сырттай

Оқыту мерзімі күндізгі - 4 жыл, орта және жоғары кәсіби негізіндегі сырттай - 3 жыл.

Білім – жоғары кәсіптік.

Академиялық дәрежесі – 5В071200 -  Машинажасау мамандығы бойынша  техник және технолог бакалавры.

Түлек орын ала алатын лауазымдар:

- механик;

- құрылымдаушы;

- технолог;

- өндіріс (цех) учаскесінің шебері;

- өндіріс, жабдықтар бойынша менеджер;

- жобалық және зерттеу мекемелердің ғылыми қызметкері;

- сандық бағдарлама басқаруы бар станокты жабдықты баптаушы.

Қызмет саласы:

-машина жасау заводы, энергетикалық жүйелердің механикалық жөндеу базалары,металлургиялық кәсіпорындар, көлік және автомобиль шаруашылығы,ғылыми зерттеу орталықтары,конструкторлық-технологиялық ұйымдар,конструкторлық жобалық ұйымдар,маркетингтік және эксплуатациялық қызметтер,техникалық қызмет көрсету станциялары

5B071200 – “Машина жасау” мамандық түлектердің кәсіптік құзірет түрлері:

технологиялық: механикалық өндеудің машина бұйымдарының және құрастырудың технологиялық процестерді жетілдіру;

құрастырушылық: технологиялық жабдықты жобалау, кескіш құралдарды, технологиялық және аспаптық жабдықты, стандартты емес жабдықтарды жобалау;

пайдаланушылық: машинажасау зауыттарының жабдықтарын пайдалану және жасау;

ғылыми-зерттеушілік: технологиялық процестерді зерттеу сапасы, технологиялық жабдықтың мінездемесі, прогрессивті жабдықтау әдісі, болашақты жабдықтар түрлері және т.б.;

ұйымды-басқарушылық: өндірістік процесін ұйымдастыру және басқару;

ақпаратты-компьютерлі: инженерлі еңбектің бағдарламалы қамсыздандыруды құру.

Студенттердің білімдерін бағалау негізіне баллды-рейтингі бақылау жүйесі (БРБЖ) салынған. БРБЖ студенттер білімін бағалаудың объективтілігін жоғарлатуға мүмкіндік береді, және ең маңыздысы, студенттердің оқу қызметіндегі белсенді ролін қамтамасыз етеді, студенттердің білімді меңгерудегі қызықтырушылықтарын жоғарлатады.

5В071200 мамандығы бойынша оқыған жоғары білім алған кафедра түлектеріне машинажасау бакалавры атағы тағайындалады,кейінгіде жұмыспен қамту мақсатында:өндірістік-технологиялық,ұйымдастырушылық-басқару,жобалық-конструкторлық,ғылыми- зерттеулік,информациялық-компьютерлік.

 Жоғары базалық білім дипломын алған соң, түлек іскер әкімшілдік және менеджмент облысында терең дайындық, ғылыми және оқу- педагогикалық қызметі үшін дайындық мақсатымен магистратураға түсу мүмкін.

Кафедрада мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін мықты материалдық қор құрылған. Сабақтар қазіргі уақыттағы оқыту құралдарымен, соның ішінде есепту техникасымен жабдықтандырылған мамандандырылған аудиториялар мен зертханаларда өткізіледі.

Біздің мамандар қазіргі Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде зор сұранысқа ие. Мысалы Павлодар және Павлодар облысының өнеркәсіптері (ПФ ЖШС «KSP Steel», «Алюминий Қазақстан» АҚ, Екібастұз ЖШС ГРЭС-1,АҚ ЕЭК, АҚ «Павлодар машинажасау заводы»-филиал АҚ «ERG Service», ЖШС «Проммашкомплект» және т.б.)  

 5В073200 - Стандартттау және сертификаттау  (салалар бойынша)

Оқыту түрі – күндізгі орта білімді базада, техникалық және кәсіби білімде, сырттай техникалық және кәсіби білімде, - білім алу технологиясы; сырттайкәсіби жоғары білімде - білім алу технологиясы.

Оқыту мерзімі – күндізгі - 4 жыл, орта және жоғары кәсіби негізіндегі сырттай - 3 жыл.

Білім – жоғары кәсіптік білім.

Академиялық дәрежесі – 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша  техник және технолог бакалавры. 

Бітірушінің атқаруға құқығы бар қызметтерінің тізімдері:

- стандарттау жөніндегі инженер;

- сертификация жөнінде инженер;

- инспектор;

- ғылыми қызметкер;

- сапа бойынша менеджер;

Қызмет ету ортасы:

Нормалардың орындалуын бақылау және тарату, өнімдерге талаптар мен ережелер, процестер және жүйелерді құру, олардың өнімдері, өндірістері, қолданулары және метрологиялық қамтамасыз етулері, өнімдердің және қызмет көрсетулердің қауіпсіздіктері, өндірушілер мен тұтынушылар үшін биік экономикалық тиімділік, сонымен қатар білім шексіздіктерінде оқу процестерін ұйымдастыру, стандарттауға, метрологияға және сертификаттауларға қатынастары болу.

Кәсіптік қызметтерінің объектілері

Бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің объектілері болып өнімдер, процестер және жүйелер жатады; мекемелерді жабдықтау және зерттеу зертханалары; өлшеу әдістері мен тәсілдері, зерттеу және бақылау; стандарттау және сертификаттау мен менеджмент сапасы жүйелеріндегі нормативті құжаттар; ғылыми метрологиялық қам-тамасыз ету, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметтер.

Кәсіптік қызметтерінің пәндері

Кәсіптік қызметтердің пәндері болып нормативтік және нормативті-техникалық құжаттар, өлшеу тәсілдері, зерттеу мен бақылау, метрологиялық қамтамасыз етулер жатады.

Жоғары базалық білім дипломын алған соң, түлектер білім деңгей арттыру үшін және ғылыми, ғылыми-ұстаздық жумыстармен шұғылдану үшін магистратураға түсіп оқуын жалғастыруына болады. Оқу жұмыстары арнайы зертханаларда және аудиторияларда жүргізіледі.

Мамандарды сапалы деңгейде дайындау үшін жоғарғы дәрежеде жабдықталған материалдық база жасалды.

Казахстан Республикасының машина жасау саласының өнеркәсіптері біздің түлектерімізге жоғарғы сұраныс көрсетіп отыр.

5В073200 - Стандартттау және сертификаттау (салалар бойынша) мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіптік қызметтердің келесі түрлерін орындай алады:

- ұжымдық-басқармалық;

- өндірісті-технологиялық;

- сервисті-эксплуатациялық;

- монтажды-жөндейтін;

- есептемелі-жобалық;

- эксперементті-зерттеулік;

- білім беретін (педагогикалық).

5В073200 мамандығы бойынша оқыған жоғары білім алған кафедра түлектеріне стандарттау және сертификаттау бакалавры атағы тағайындалады,кейінгіде жұмыспен қамту мақсатында: өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқару, жобалық,ғылыми- зерттеулік.

Біздің түлектеріміз бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының машинажасау өнеркәсібінің дамуына қажет: өнеркәсіптер ПФ ЖШС «KSP Steel», АҚ «Алюминий Казахстана», АО «Павлодарский машиностроительный завод» - филиал АО "ERG Service", ЖШС «Проммашкомплект», ЖШС «Format Mach Company», АЗФ «ТНК Казхром», АҚ "Павлодарэнерго"  және басқаларымен. 

6М071200 – Машина жасау

6М071200 – Машина жасау мамандығы бойынша ғылыми, педагогикалық және басқару кадрларын даярлау магистратурада екі бағыт бойынша жүргізіледі:

- ғылыми және педагогикалық оқу мерзімі 2 жыл;

- профильдік оқу мерзімі 1,5 жыл.

-профильдік оқу мерзімі ИИД МБ-2(Индустриалды инновациялы даму мемлекеттік бағдарламасы)

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға 6М071200 – Машина жасау мамандығы бойынша профильдік магистратураны және кезінде ғылыми және педагогикалық магистратура кезінде «ғылым магистрі» және 6М071200 – Машина жасау мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіптік қызмет объектілері.

Магистратура түлектерінің кәсіби қызмет объектілері:

профильді даярлау кезінде басқару органдары, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мекемелер, сонымен қатар индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылықтар, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндірістік және тұтыну салалары;

ғылыми және педогогикалық даярлау кезінде мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мкемелер, сонымен қатар индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, әскери-өнеркәсіптік кешен, өндірістік және тұтыну салалары;

Кәсіптік қызмет түрлері

6М071200 – Машина жасау мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

профильді даярлау кезінде – жобалық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушы-басқарушылық;

ғылыми және педагогикалық даярлау кезінде – ғылыми-зерттеу, педагогикалық, жобалық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушы-басқарушылық.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

- ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді жүргізудің жұмыс жоспары мен бағдарламаларын әзірлеу, орындаушыларға арналған жеке тапсырмаларды дайындау;

- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау және жүйелендіру және міндеттерді шешу әдістемесін мен құралдарын таңдау;

- ғылыми тәжірибелерді жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесін дайындау, олардың нәтижелерін талдау;

- орындалған зерттеулер нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есеп берулерді, шолуларды, жариялымдарды дайындау;

- зияткерлік меншік объектілерін бекіту және қорғау.

Педагогикалық қызмет:

- орта кәсіби, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметтерді жүзеге асыру;

- мамандықтың профильі бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді дайындау, жариялау, енгізу;

- білім алушылармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу.

Жобалық қызмет:

- жобалауға арналған тапсырмаларды дайындау;

- патенттік зерттеулерді өткізу, қабылданған техникалық шешімдер негізінде іс-әрекет принциптер сипаттамасын жасау және жобалау объектілерін ұйымдастыру;

- жоба бойынша жоспарланған шешімдердің техника-экономикалық және экологиялық-экономикалық негіздеулерде есептеулерді жүргізу;

- жобаның инновациялық әлеуетін және инновациялық қауіптерді бағалау;

- әдістемелік және нормативтік құжаттарды, техникалық құжаттаманы әзірлеу.

Өндірістік-технологиялық қызмет:

- шикізатты кешенді пайдалану, тапшы материалдарды ауыстыру, өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру тәсілдерін іздестіру шараларын әзірлеу;

- машина жасау мен өнеркәсіптік өндірістің металл өңдеуші салаларында технологиялық процестерді жобалау;

Ұйымдастырушы-басқарушылық қызмет:

- ұжымның жұмысын ұйымдастыру, атқарушылық шешімдерді қабылдау, жұмысты орындау тәртібін анықтау;

- сапаға, орындау мерзіміне, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне, экологиялық тазалыққа қойылатын талаптарды ескере отырып, жұмысты орындау кезінде оңтайлы шешімдерді іздеу;

- өнертабыстарға деген өтінімдерді дайындау;

- халықаралық стандарттар негізінде нақты шарттарға сапа басқару жүйесінің қазіргі заманғы нұсқаларын бейімдеу;

- сараптама және кеңесші қызметтер. 

6М075000 – Метрология

6М075000 – Метрология мамандығы бойынша ғылыми, педагогикалық және басқару кадрларын даярлау магистратурада екі бағыт бойынша жүргізіледі:

- ғылыми және педагогикалық оқу мерзімі 2 жыл;

- профильдік оқу мерзімі 1,5 жыл.

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға 6М075000 – Метрология мамандығы бойынша профильдік магистратураны және кезінде ғылыми және педагогикалық магистратура кезінде «ғылым магистрі» және 6М075000 – Метрология мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура түлектерінің кәсіби қызмет объектілері:

профильді даярлау кезінде өнімге (қызмет көрсетулерге), үрдістерге (жұмыстарға), кәсіпорынның құрал-жабдықтарына және сынау зертханаларында (орталықтарда), өлшеу әдістерәне және құралдарына, сынауларға және бақылауларға, нормативті құжаттамаларға, сапа менеджментінің жүйесіне, әлеуметтік және экологиялық өндірістік метрологиялық қызметін қамтамасыз етуге, өлшеуіш техниканы жобалауға, дайындауға және пайдалануға тікелей қатысы бар басқару органдары, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес профильді мекемелер;

ғылыми және педогогикалық даярлау кезінде мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері, өнімге (қызмет көрсетулерге), үрдістерге (жұмыстарға), кәсіпорынның құрал-жабдықтарына және сынау зертханаларында (орталықтарда), өлшеу әдістерәне және құралдарына, сынауларға және бақылауларға, нормативті құжаттамаларға, сапа менеджментінің жүйесіне, әлеуметтік және экологиялық өндірістік метрологиялық қызметін қамтамасыз етуге, өлшеуіш техниканы жобалауға, дайындауға және пайдалануға тікелей қатысы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес профильді мекемелер.

Кәсіптік қызмет түрлері.

6М075000 – Метрология мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

профильді даярлау кезінде – жобалық-ізденісті, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушы-басқарушылық;

ғылыми және педагогикалық даярлау кезінде – ғылыми-зерттеу, педагогикалық, жобалық-ізденісті, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушы-басқарушылық.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

- ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді жүргізудің жұмыс жоспары мен бағдарламаларын әзірлеу, орындаушыларға арналған жеке тапсырмаларды дайындау;

- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау және жүйелендіру және міндеттерді шешу әдістемесін мен құралдарын таңдау;

- ғылыми тәжірибелерді жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесін дайындау, олардың нәтижелерін талдау;

- орындалған зерттеулер нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есеп берулерді, шолуларды, жариялымдарды дайындау;

- зияткерлік меншік объектілерін бекіту және қорғау.

Педагогикалық қызмет:

- орта кәсіби, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметтерді жүзеге асыру;

- мамандықтың профильі бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді дайындау, жариялау, енгізу;

- білім алушылармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу.

Жобалық-ізденісті қызмет:

- жобалауға арналған тапсырмаларды дайындау;

- патенттік зерттеулерді өткізу, қабылданған техникалық шешімдер негізінде іс-әрекет принциптер сипаттамасын жасау және жобалау объектілерін ұйымдастыру;

- жоба бойынша жоспарланған шешімдердің техника-экономикалық және экологиялық-экономикалық негіздеулерде есептеулерді жүргізу;

- жобаның инновациялық әлеуетін және инновациялық қауіптерді бағалау;

- әдістемелік және нормативтік құжаттарды, техникалық құжаттаманы әзірлеу.

Өндірістік-технологиялық қызмет:

- регламенттердің жобаларын, стандарттарын, техникалық шарттарын, ережелерін және сипаттамаларын, өлшеу әдістері мен өлшеу жүйелерін, өлшеу тексерулерін (мөлшерленуін) және өлшеу құралдарына сынау бағдарламаларын жүргізу;

- сапа менеджменті жүйесіне өндіріс технологиясының бұзылуын және ақау себептерінің анализін әзірлеу және енгізу;

- өнім сапасының, қызмет көрсетулерінің, сапа менеджменті жүйелерінің өндірудегі тұрақты бағалану жағдайының анализі; түзетілетін және ескертілетін іс-шаралардың орындалу бағасы;

- сапа менеджменті технологиясының, метрологиялық қамтамасыздандыру құралдарын жобалау.

Ұйымдастырушы-басқарушылық қызмет:

- ұжымның жұмысын ұйымдастыру, атқарушылық шешімдерді қабылдау, жұмысты орындау тәртібін анықтау;

- сапаға, орындау мерзіміне, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне, экологиялық тазалыққа қойылатын талаптарды ескере отырып, жұмысты орындау кезінде оңтайлы шешімдерді іздеу;

- өнертабыстарға деген өтінімдерді дайындау;

- халықаралық стандарттар негізінде нақты шарттарға сапа басқару жүйесінің қазіргі заманғы нұсқаларын бейімдеу;

- сараптама және кеңесші қызметтер.

6М070900 - Металлургия, «Материалтанудағы және металл өңдеудегі технологиялық инновация» оқу бағдарламасы

Ғылыми және басқару кадрлерін 6М070900 - Металлургия, «Материалтанудағы және металл өңдеудегі технологиялық инновация» оқу бағдарламасы мамандығы бойынша магистратурада оқытылу мерзімі  1,5 жыл ИИД МБ-2 мемлекеттік бағдарлама бойынша осы мерзімді құрайды.

Магистратура бағдарламасын оқып, магистрлік диссертацияны комиссия алдында қорғап шыққаннан соң, түлекке 6М070900-Металлургия мамандығы бойынша техника және технолгия магистрі атағы беріледі. 

Магистратура түлектерінің басты кәсіби қызметі болып:кәсіпорынның менеджменті,ұйымдары,мемлекеттік және мемлекеттік емес профиль мекемелер,индустрияны қоса,металлургиялық комплекс,мамандық бойынша  өндіріс салалары, өнімді мамандығы бойынша тұтыну болып табылады.

Ғылыми-зерттеу нысаны: модульді және жұмыс жоспарларын құрастыру,ғылыми-экспериментальдық зерттеулер техникалық құрастырулар,жинамалар, өңдеу, ғылыми-техниклық ақпаратты талдау және жүйелеу; эксперименттерді әзірлеу, әдістемені дайындау, ғылыми- техникалық есептер, жасалған зерттеулер бойынша жариялау, интеллектуальды объектілерді қорғау.