Оқу-әдістемелік жұмысы

2018-2019 оқу жылында кафедраға 87 пән тіркелген, оның ішінде 42 мемлекеттік тілде, ал 45 орыс тілінде.

Бұл пәндер бойынша кафедра оқытушыларымен жұмыс оқу бағдарламасы, силлабус, ағымдағы, межелік, қорытынды бақылау материалдарын қамтитын ПОӘК дайындалған. ПОӘК зерттей келе барлық пән бағдарламалары ҚР МЖМБС сай келеді. Пәннің оқу-әдістемелік кешені мазмұнды, СӨЖ мен СӨЖМ студенттердің қажеттіліктері мен қызығушылықтары ескеріліп дайындалған.

ПОӘК 1, 2 семестрлардағы кафедра бойынша қамтамасыз етілуі 100% құрады.

Алтай мемлекеттік университетінің (Ресей, Барнаул қ.) профессор-оқытушылар құрамымен бірлесіп 2018-2019 оқу жылына "туризм" мамандығы бойынша магистрлерді дайындау бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы әзірленді және бекітілді.

2018-2019 жж. оқу жылында келесі ашық сабақтар өткізілді: п.ғ.к., қауым. профессор Есимова Д.Д., Доктор PhD, қауым. профессор Каирова Ш.Г., аға оқытушы Дәуіт Ж., оқытушылар (ассистенттер) – Жаксалыков К.Н., Әмірғалы М.А., Амангельдинова М.М. Барлық сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді, тақырыптары типтік және жұмыс бағдарламаларына сәйкес келеді. Толық талдау өзара сабаққа қатысу және ашық сабақтар кестесінде келтірілген.

Университеттің порталында 100% студенттерге ОӘПК-ға қол жеткізілдік.

Кафедраның қауым. профессоры Каирова Ш. Г. 2019 жылдың 1 сәуірі мен 5 сәуірі аралығында Эразмус+ бағдарламасы бойынша Палацк университетінің студенттері үшін "Орта Азия мен Қазақстанның географиялық ерекшеліктері мен экологиялық мәселелері" тақырыбында дәріс оқыды.

ГжТ кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., ассоц.профессор Есимова Динара Даутовна Ноттингем Трент университетінде 2018 жылдың 28-30 қараша аралығында өткен "Ресейдегі тұрақты энергия және климаттың өзгеруі: дисскусия, талқылау" атты ғылыми семинарға қатысты (Ноттингем қ., Ұлыбритания).

Семинарды Әлеуметтану және халықаралық қатынастар факультетінде Ноттингем университеті негізінде Британ консулдығы жанындағы Британдық кеңес ұйымдастырды және қаржыландырды.

Ғылыми семинарға әлемнің 36 ғалымы қатысты, оның ішінде Oxford, Birmingham, Abertay, Manchester Metropolitan, Middlesex, Greenwich, Sheffild Halam, Warwick, Bournemouth, Алтай, Пермь, Мәскеу Жоғары Экономика мектебі және т. б. университеттерінен.

Д.Д. Есимова "Павлодар облысының экологиясы "факультативтік курсы шеңберінде халықтың экологиялық санасын қалыптастыру" тақырыбында баяндама жасады, онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қоры қаржыландыратын "Павлодар облысының экологиясы Экспресс - курс" жобасы бойынша зерттеу нәтижелері қарастырылды.

 

Кафедраның қауым. профессоры Каирова Ш. Г. 2019 жылдың 1 сәуірі мен 5 сәуірі аралығында Эразмус+ бағдарламасы бойынша Палацк университетінің студенттері үшін "Орта Азия мен Қазақстанның географиялық ерекшеліктері мен экологиялық мәселелері" тақырыбында дәріс оқыды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындау нәтижелілігі магистірлік жұмыстарды сәтті қорғау, әр түрлі деңгейдегі халықаралық конференцияларға қатысудан және мақалаларды ғылыми журналдар жариялау мен оқу құралдарын басып шығарудан көрінеді.