"Химия және химиялық технологиялар" кафедрасы төмендегі мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындайды:

Студенттерді қабылдау комплексті тесттілеу немесе ҰБТ нәтижесі бойынша жүргізіледі. Оқыту мемлекеттік білім гранттары бойынша немесе бағасын кеміту және женілдіктердін икемді жүйесін белгілейтін келісім-шарт негізінде жургізіледі.

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтары бойынша тестілеу пәндері:

1. Қазақстан тарихы

2. Математикалық сауаттылық

3. Оқу сауаттылығы

4. Физика

5. Химия

 

Химия мамандығы бойынша тестілеу пәндері:

1. Қазақстан тарихы

2. Математикалық сауаттылық

3. Оқу сауаттылығы

4. Биология

5. Химия

Көрсетілген мамандықтар бойынша орта білім базасындағы күндізгі оқу түрінің оқу мерзімі – 4 жыл, арнайы орта білім базасындағы сырттай оқу түрі бойынша оқу мерзімі – 3 жыл, жоғары білім базасындағы сырттай оқу түрінің оқу мерзімі – 3 жыл.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы магистарларды даярлауды келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырады:

6М072000 / 7M07108 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;

Ғылыми-педагогикалық (Білім беру бағдарламасы)

Профилді (Білім беру бағдарламасы)

6М072100 / 7M07109 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы (Білім беру бағдарламасы);

6М060600 / 7M05302 - Химия.

Ғылыми-педагогикалық (Білім беру бағдарламасы)

Профилді (Білім беру бағдарламасы)

 

Мамандыққа сипаттама

Органикалық және бейорганикалық заттарды өндірудің жаңа химиялық технологиялырын дайындау және конструкциялау, бейорганикалық синтез және мұнай өндеу кәсіпорындарының технологиялық жүйелерін эксплуатациялау, еңбекті сақтау шараларын қамтамасыз ету, техникалық құжаттарды жүргізу.

Біздің мақсатымыз:

- химия, металлургия, мұнай-химия, фармацевтика өнеркәсібі мекемелерінде;

- аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық- эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтері өндірістік лабораторияларында, химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтік бағыттағы;

- ғылыми - зерттеу мекемелерінде (институттарда, лабораторияларда) инженерлер қызметтерінде, бөлімдер мен лабораториялардың жетекшілері ретінде;

- жалпы білім беретін орта мектептерде, колледждерде, лицейлерде, гимназияларда химия пәнінің оқытушылары, білім беру бөлімдерінің басшылары ретінде жұмыс атқару үшін жоғары білікті мамандар дайындау.

Кәсібі

Химия технологиялық мамандықтары бойынша толық курсты сәтті өткеннен кейін, химиялық технологиялар, химия бакалаврлар біліктілігіне ие болады.

БАКАЛАВР:

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және Органикалық заттардың химиялық технологиясы – техника және технологиялар бакалавры

Химия – жаратылыстану бакалавры

МАГИСТРАТУРА:

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және Органикалық заттардың химиялық технологиясы– – техника ғылымдарының магистры

Химия – жаратылыс ғылымдарның магистры

Жаратылыстану бакалавры мынадай кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:

- ұйымдастыру - технологиялық;

- ғылыми - зерттеу;

- өндірістік - басқару;

Оқу бітірушілер әрі қарай оқуды магистратурада және докторантурада жалғастыра алады.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасының кадрлар дайындау бағдарламасы бойынша облыстық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибе өту қамтылған. Бұл жағдайда арнайы пәндер ретінде осы кәсіпорындардың негізгі технологиялары оқытылады.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасында кадрларді дайындау бағдарламасында облыстағы ірі өндірістік өнеркәсіпте өндірістік практикадан өту қарастырылған. Соған байланысты осы өндірістерде алынатын негізгі заттардың технологиясы арнайы пәндер ретінде студенттерге оқытылады.

5В072100 / 6В07108 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандағының студенттері өндірістік тәжірибені АҚ «Павлодар мұнайхимиялық зауыты», ЖШС «Компания Нефтехим LTD», АҚ «Кастинг», 5В072000 / 6В07107 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандағының студенттері өндірістік тәжірибені АҚ «Алюминий Казахстана», АҚ «Каустик», «Кастинг», АҚ «Ақсу ферроқортпа зауыты» технологиялық цехтарында өтеді.

5В060600 / 6В05302 – «Химия» білім бағдарламасының мақсаты – заманауи инновациялық технологияларға және кәсіпкерлік дағдыларға, жұмыс берушілер мен еңбек нарығының сұранысына сай, химия саласында кәсіби құзіреттілік пен білімге ие, жоғары біліктілікті мамандарды дайындау. Бағдарламаның негізгі міндеттері – химия және химия саласымен ортақ: бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында академиялық білімдерің одан әрі жетілдіру үшін бакалавр түлектерін керекті базалық дайындықпен қамтамасыз ету.

Бұл кәсіпорындарда студенттер, ұйымдастырушы және қызмет жасау жұмыстарында тәжірибелік дағды алу мақсатында, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді.

5В050606 / 6В05302 - Химия мамандығын бітірушілердің халық шаруашылығының көптеген маңызды салаларында, өндірістік лабораторияларда, сонымен қатар арнаулы мекемелерде химик – эксперт ретінде жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіншіліктері бар.

Оқу бітірушілер әрдайым қажетті және ірі кәсіпорындарда жұмыс істейді.

  • «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ
  • «Қазақстан Алюминийі» АҚ
  • «Каустик» АҚ
  • «Аксу ферроқортпа» АҚ
  • «ЕЭК» АҚ
  • «Кастинг» АҚ
  • «Компания Нефтехим LTD» ЖШС.

Бізде оқу – кепілдік береді: компьютерлік сауаттылыққа; мемлекеттік және шетел тілдерін білуге; экономика саласын және кәсіпкершілік негіздерді білуге.

Павлодар және Павлодар облысы – химия өнімдері өндірісінің толық қатары бар Қазақстандағы жалғыз қала:

- жербалшық;

- коагулянттар;

- мотор қазандық отындары;

- күкірт;

- феррохром;

- мотор майлары;

- полипропилена;

- пластикаттар.