2018 жылдың 30 – 31 қазанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Болон үрдісі және академиялық ұтқырлық» орталығымен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жоба шеңберінде «Серпін» бағдарламасымен оқитын студенттердің арасында Республикалық кәсіби-шығармашылық «Мені шыңдаған серпін» байқауы өтті.

Агротехнологиялық факультетінің «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасының «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының студенттері арасында байқау ұйымдастырылып өткізілді. Қатысушылардың арасында мына университеттің өкілдері болды: Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, М.Козыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шакарім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Ахмет Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстанның Аграрлық-техникалық университеті.

Комиссияның құрамында эксперт болып а/ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Абельдинова Р.Б., және жюри мүшелері үлкен тәжірибесі бар тәжірибелі оқытушылар а/ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Асанбаев Т.Ш., а/ш.ғ.к., профессор ЖАК Темиржанова А.А., сырттан келген өкіл Шахаров Б., комиссия секретарь Ибраева А.К. болды.

Қатысушылардың алдында орындайтын міндеттер мен қатал талаптар тұрды. Бірінші кезеңде олар теориялық білімдерін көрсетті:

1. Компьютерлік тестілеу

2. «Қазақстандағы ауыл шаруашылық малдарының өнімділігін көтерудің инновациялық тәсілдері және технологисы» тақырыптағы үй тапсырмасы.

Келесі күн 2 кезеңнен тұрды.

Бұл Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасының бірлесіп еңбек ететін шаруашылығына барып тәжірибелік тапсырмаларды орындаудан тұрды, бұнда студенттер өздерінің алған білімін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Аяқтап келгенде, әр қатысушылар жарыстың қиыншылығында өздерін лайықты нәтижелерімен көрсете білді, жеңімпаздар анықталды. Олар:

Шәкір Р. – 1 орын С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Махамбет Е. – 2 орын Шакарім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Кожагельдинова Г. – 3 орын Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстанның Аграрлық-техникалық университеті болды.

Айта кету керек, бұл байқауда қатысқан барлық үміткерлер «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша өте жақсы нәтижелер көрсетті.

Келешекте алған білімдері мен дағдыларын Қазақстанның мал шаруашылығының жалпы жағдайының өкедеуіне үлес қосуына тілектеспіз.