Біліктілігін арттыру мақсатында агротехнология факультеті зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының аға оқытушысы Кусанова Б.Т. К.И. Скрябин атындағы Мәскеу мемлекеттік ветеринарлық медицина және биотехнология академиясына жіберілді.

Академияда өткен уақыт бойында ветсанэкспертиза бойынша мына тақырыптар бойынша ғалымдар өткізген дәріс, зертхана және тәжірибелік сабақтарға қатысты: патологиялық аурулары бар сойылған өнімдердің ветириналы- санитарлық бағалау, сүт, бал және жұмыртқы сараптамасы.

Сәті түсіп, оқытушы малдарды тамақтандыру кафедрасының атақты ғалымдарымен сырласты. Олар «Ауылшаруашылық малдарын тамақтандыру» пәнінің жеке тарауларын оқыту әдістері мен жетілдіру формалары бойынша тәжірибелерімен бөлісті және де зертханалық тапсырмаларды орындауға арналған жаңа оқу құралын естелікке берді.

Атақты ғалым профессор Топорова Л.В. Қазақстанға дәріс оқуға келеді.