С. Торайгыров атындағы ПМУ қызметкерлері «Тұрмыстық, өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерінің қалдықтарынан топырақ құнарлылығын қалпына келтіру проблемалары» атты III Халықаралық ғылыми экологиялық конференцияға қатысты.

Азербайджан, Беларусия, Германия, Грузия, Қазақстан, Ресей, Өзбекістан және Украина экологтарының қатысуымен Рессей Федерациясының Краснодар қаласында өткен, Кубань мемлекеттік аграрлы университеті ұйымдастырған «Тұрмыстық, өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерінің қалдықтарынан топырақ құнарлылығын қалпына келтіру проблемалары» атты III Халықаралық ғылыми экологиялық конференцияға С. Торайгыров атындағы ПМУ қызметкерлері Агротехнология кафедрасының профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Мұстафаев Болатжан Абдыканович, Агротехнология кафедрасының магистранты және ғылыми қызметкер Какежанова Зибагүл Ермұратовна, биология магистрі және кіші ғылыми қызметкер Кенжетаева Асел Бекежановна қатысты.

Конференция қорытындысында Жалпы биология және биология кафедрасының меңгерушісі, профессор И. С. Белюченко алғыс хат табыс етті. Соңында профессор И. С. Белюченкодан осы зерттеудің аса маңызды бағыты бойынша бірігіп жұмыс істеу және студент, магистрант және оқытушылар, сонымен қатар әртүрлі профилдегі эколог – мамандармен алмасу арқылы қызмет істеу ұсынысын жасады.

Конференцияда Бресттен бастап Владивостокқа, Жаңа Уренгойдан Самаркандқа дейінгі территорияны қамтитын 106 доклад қарастырылды. Ең бірінші докладтарымен өнер көрсеткен Әзербайжан, Грузия, Қазақстан және Өзбекістан елдері болды. Конференцияның ұйымдастырылуы жоғарғы деңгейде өтті.