2012 жылдың  16 қаңтарынан 22 қаңтарға дейін Deula-Nienburg (Германия) академиясында тәжірибе өттік. Германия бізді жылы ауа райымен қарсы алды, жерге қонудан кейінгі бірінші әсеріміз - Павлодардың ақ қарынан ерекшеленетін көк орай. Бізді Академия қызметкері Ульрих Лосси қарсы алды. Ол бізді өзіне тез баурап алған, өте жайдары және көңілді адам. Қиын ұшудан және өте шаршататын жолға қарамастан, біз үшін Академия құрылымы бойынша  өте қызықты дәріс ұйымдастырылды.

Бірінші жұмыс күнінде Deula академиясы бойынша  экскурсия өтті. Неміс студенттердің теориялық сабақтары өтетін павильондерге бардық. Әрбір оқу павильоны көрнекілік көрсетілім үшін проектормен және оқу тақтасымен жабдықталған. Академия мақтанышы Blattpavillon – толықтай табиғи материалдардан жасалған, ағаш жапырағына ұқсас оқу павильоны болып табылады.

1_k

Сондай-ақ, біз практикалық сабақтар өтетін бөлмелерін де көрдік. Мұнда Академия студенттері өз кәсібі бойынша практикалық сабақтардың толық курсын алады. Академияның материалдық базасы өте бай – жай микросұлбалардан бастап, қазіргі заманғы тракторлар мен комбайндерге дейін.

1_k

1_k

Академия территориясымен танысқаннан және сәл демалғаннан соң, Германияның аса көрнекті қалаларының бірі – Ганновер қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

1_k

Сондай-ақ, Германияның фермерлік шаруашылығына бару  да біздің пратикамыздың жоспарына енді. Германияда  фермерлік – бұл ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасы бизнесі. Кейбір  фермерлік шаруашылықтың 400 жылдан аса тарихы бар. Бізді қазіргі заманғы технологиялармен, ірі қара малды өсіру және ұстау техникасымен, жемдерді дайындау және сақтау технологиясымен таныстырды. Фермерлік шаруашылықтарындағы барлық негізгі жұмыстар автоматтандырылған. Фермерлердің айтулары бойынша,  қазіргі фермаларда жұмыс істеу жеңіл де  қызық.  Себебі фермердің арсеналында қазіргі заманғы сауын аппараттары, азықтандырудың компьютерлендірілген жүйелері бар.

1_k

Berufsbildende Schulen Cadenberge оқушылар оқитын мектебін бітіріп, жұмысшы мамандығын таңдаған. Германияның солтүстігінде орналасқан  еңбек мектебіне келесі күні бардық.  Бұл мектептер қиын тәрбиеленетін балаларға, олардың болашақ өмірін анықтауларына көмек беріп, олармен  жұмыс жасайды.  Мектептегі оқыту түрлі салалар бойынша жүзеге асырылады: фермерден бастап автомеханикке дейін. Еңбек мектебін бітірген оқушы жақсы еңбекақысы бар жұмыс таба алады.

1_k

Практикамыздың соңғы күнінде біз биогаз құрылғысына бардық. Энергияның альтернативті көздерінің мәселесі Германия үшін өте маңызды. Бүгінгі күні Германияда  7 мыңнан аса биогаз құрылғылары құрылған. Салыстыратын болсақ, бұл энергия  1,5 атом станциясымен өндірледі екен. Біз биогаз құрылғылары туралы біздің республикамыздың практикасында пайдалана алатын  теориялық және практикалық білімдер алдық.

1_k

Университетте тәжірибе алу мүмкіндігі және оны ұйымдастырулары үшін алғыс білдіргіміз келеді. Университеттің және оған қатысты құрылымдардың мінсіз жұмысы  бізге жаңа білімдер мен көп жағымды әсерлерді  алуға мүмкіндік берді.