Оқу-әдістемелік жұмыс

Мамандықтың барлық пәндері бойынша оқу жылының басында ПОӘК уақытылы дайындалады. Жыл сайын оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару жоспарына сәйкес ПОҚ оқулықтары мен оқу құралдары шығарылады.

Жыл сайын ашық сабақтар мен өзара іс-шаралар өткізіледі. Бейнедәрістер дайындалады.

Әдістемелік кешендер мен кейс әзірленеді. Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен мен кейс толығымен жаңартылады.

Студенттердің білімін арттыру мақсатында кафедра оқытушылары сабақ кестесіне сәйкес апта сайын кеңес беру сабақтарын өткізеді.

Жоспарланған ашық сабақтар өткізіледі. Ашық сабақтарға талдау жасалып, талқылаулар жүргізіліп, ұсыныстар беріледі. Тәжірибе алмасу мақсатында кафедра оқытушылары бекітілген кесте бойынша өзара сабақтарға қатысады. Өзара сабақтарға қатысу барысында бекітілген өзара сабақтарға қатысу парақтары толтырылып, оқу-әдістемелік семинарларда талқыланады.