Кафедра тарихы

Үштұғырлы тіл» кафедрасының тарихы 2000 жылдан бастау алады. Кафедра барлық білім беру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетеді.

Оқу үдерісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 6 профессор, 6 ғылым кандидаты, 7 PhD докторы бар. Кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының кандидаты, профессор, МАИН академигі Зейнулина Айман Файзулловна.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) жыл сайын ҚР БҒМ, ҒЖБМ гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысады. Атап айтқанда, А.Ф. Зейнулина мен М.А. Уайханова 2021 жылы (4 993 456,00 тг); А.Ж. Анесова мен С.Ж. Ергалиева 06.01.2020–31.12.2022 жылдар аралығында (9 205 832,9 тг); С.Ж. Ергалиева (2022 жылы – 9 593 988 тг) және (2022–2024 ж. – 33 975 000 тг); М.А. Уайханова (2024–2026 ж. – 24 819 382 тг) көлемінде гранттық қаржыландыру конкурсын жеңіп алды.

 Қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраның ПОҚ қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады. А.Ф. Зейнулина, Б.Р. Кожахметова 2021 ж. шаруашылық есеп келісімі негізінде Екібастұз қаласының тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілеріне арналған  онлайн-сабақ (1 447 040,00 тг); 2022 жылы ТОО SMARTSTART ұйымымен жасалған шаруашылық есеп келісімі негізінде облыс оқытушыларына арналған 4 семинар (800 800 тг); Т.К. Маняпова ғылыми-әдістемелік курстар (2020 ж. – 208 000 тг;   2021 ж – 1 056 000 тг, 2023 ж. – 300 000 тг) өткізді;  Б.Ә. Ысқақ гранттық қаржыландыру бойынша есептердің қорытынды кешенді сараптамасына сарапшы ретінде қатысып, 302 000 теңге көлемінде қаржы алды.

Соңғы 5 жылда ПОҚ тарапынан барлығы 226 ғылыми еңбек жарияланды, оның ішінде халықаралық цитатталатын журналдарда (Thomson Reuters, Scopus және т.б. базалар бойынша) – 26; ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми журналдарда – 77; отандық және шетелдік конференция материалдарында – 116 мақала; 7 монография.

ПОҚ білім алушылармен бірлесіп ғылыми зерттеу нәтижелерін белсенді түрде жариялап тұрады. Соңғы 5 жылда білім алушылармен бірлесіп 28 мақала жарияланып, әртүрлі деңгейдегі конференциялар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.