Кафедра тарихы

«Электротехника және автоматтандыру» кафедрасы «Автоматтандыру және басқару» (1989 ж.құрылды) және «Электротехника, электроника және телеқатынас» (2008 ж.құрылды) кафедраларының негізінде 2014 ж.құрылды.

Кафедра қазіргі өндіріс саласының әрбір жүйесінде өз бетімен шығармашылық жобалау есептерін шығаруда, зерттеулерде, жөндеулерде және пайдалануда жұмыс істей алатын бакалаврлар мен магистлардың дайындығын жүргізеді.

Оқу үдірісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметтегі тәжірбиесі мол, біліктілігі жоғары оқытушылар жүргізеді. Олардың қатарында 5 профессор, 1 техника ғылым докторы 6 , 5 докторов PhD техника ғылым кандидаты. Студенттерді оқытуға қала мен облыстың жетекші ұйымдары мен кәсіпорындарынан біліктілігі жоғары ғылыми мамандар тартылады.

Кафедрада оқытуды өткен мамандар Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің әр түрлі салаларында және жобалау-құрылымдық мекемелерінде және де әр түрлі өнеркәсіп мекемелерінде ойдағыдай еңбектеніп жатыр.

Кафедра студенттерінің ғылыми конференцияларға қатысуына үлкен назар аударылады. Үздік студенттер оқу жадығаттарын терең меңгеру мақсатында және қосымша білім алу үшін кейіннен студенттік ғылыми-техникалық конференциялар мен арнайы бөлімдегі дипломдық жобаларға қатысуына, баяндамаларды орындауға назарға алынады.

Кафедра құрылғаннан бері Павлодар-Екібастұз аумағындағы кәсіпорындарына тапсырыс бойынша әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындады. Жалпы 93,5 млн.тг. құрайтын 35 астам ҒЗЖ жасалды.