Оқу-зертханалық базасы

1970 жылдың ортасында және 1980 жылдың басында "Автомобильдер мен тракторлар" кафедрасында құрылған ғылыми-зерттеу зертханасы мен СКБ, атап айтқанда, КСРО трактор және ауылшаруашылық машина жасау министрлігі "Өнеркәсіптік тракторлардың берілістерін зерттеу" салалық ғылыми-зерттеу зертханасы кафедрадағы студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға жақсы серпін берді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.
Қазіргі уақытта кафедраның зертханаларында ғылыми-зерттеу жұмыстары білім берудің барлық үш деңгейі бойынша жүргізіледі: бакалавриат, магистратура, докторантура.
Материалдық-техникалық базаға келесі 
бағыттар бойынша мамандандырылған зертханалар кіреді:
-Жанармай-жағармай материалдары 
зертханасы;
- Отын аппаратурасын сынау, техникалық 
қызмет көрсету және жөндеу зертханасы;
- Іштен жану қозғалтқышының теориясын
 зерттеу зертханасы;
- Автомобиль құрылғылары зертханасы;
- Вагон шаруашылығы зертханасы

.