Кафедра тарихы

2009 ж. «Көліктік техника» және «Қозғалтқыштар мен жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедралардың бірігуі арқылы кафедра «Көліктік техника және логистика» құрылды. Кафедрада оқыған мамандар ірі кәсіпорындар мен көлік саласының ұйымдарында жұмыс істейді, олардың ішінде:

-ЖШС "ҚТЖ – Жүк тасымалы" филиалы – Павлодар бөлімшесі;

-АҚ ҰК "ҚТЖ" филиалы – Павлодар магистральдық желі бөлімшесі;

-"Павлодар вагон жөндеу депосы" филиалы ЖШС "Қамқор Вагон";

-Жолаушы вагондарын жөндеу бойынша Ақмола филиалы АҚ "Вагонсервис";

-Павлодар облысының "Жолаушы көлік және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік басқармасы.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 9 профессор, 1 ғылым докторлары, 7ғылым кандидаттары, 1PhD докторлары.