Оқу-әдістемелік жұмысы

2023-2024 оқу жылында кафедра бойынша 108 пән бекітілген.

2023 жылдың 1 қазанына дейін кафедра 10 мамандық бойынша күндізгі оқу түрінде мамандар даярлауды жүзеге асырды, оның ішінде 6 бакалавриат мамандығы, 3 магистратура бағыты, 1 докторантура бағыты бар. Оқушылар контингенті 371 адамды құрады, олардың ішінде 325 студент, 38 магистрант және 8 докторант.

Кафедраға биология және экология саласына қатысты 108 пән бекітілген, сол пәндер бойынша оқытушылар оқу-әдістемелік кешендерді (ПОӘК) әзірлейді. Оларға жұмыс оқу бағдарламалары, силлабустар, әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар кіреді. Әзірленген ПОӘК-нің сапасы ҚР мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай келеді. ОӘК мазмұнында дәрістер, семинарлық сабақтардың жоспарлары, студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) және оқытушының басшылығымен орындалатын өзіндік жұмыс (ОБСӨЖ) бойынша тапсырмалар, әдістемелік ұсыныстар, рейтингтік балдарды бөлу, білімді бақылау материалдары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі қамтылған. СӨЖ және ОБСӨЖ мазмұны практикалық бағыттылық, студенттердің қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеру принциптеріне сәйкес келеді.

1 семестр бойынша кафедра ПОӘК дайындығы 100%-ды құрады. 2 семестр бойынша да ПОӘК дайындығы 100%-ды құрады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының 2023-2024 оқу жылына арналған өзара сабаққа қатысу кестесіне сәйкес, 43 сабақ өткізілді.

Барлық сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өткізіліп, олардың мазмұны типтік және жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес келеді. Толығырақ талдау сабақтарды есепке алу және ашық сабақтар журналына енгізілген.

Кафедрада экология, биология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи әдістемелік аспектілерді қарастыратын ғылыми-әдістемелік семинардың жоспары әзірленді. Есепті кезең ішінде кафедрада білім беру, ғылыми үдеріс және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелер талқыланған оқу және ғылыми-әдістемелік семинарлар тұрақты түрде өткізілді.

2023-2024 оқу жылына арналған ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік семинарлар бағдарламасы шеңберінде келесі семинарлар ұйымдастырылды:

Семинарлардың негізгі мақсаты:

-Оқытушылардың жаңа нәтижелерін, міндеттерін, сондай-ақ өздері дайындаған өзекті әдістемелік әзірлемелерін жүйелі түрде ұжымдық талқылау;

-Басқа ғылыми ұйымдарда экология және биология саласында алынған жаңа нәтижелермен танысып, оларды кәсіби деңгейде меңгеру;

-Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, олардың және басқа да ғылыми зерттеулерді талқылау арқылы қолдау көрсету.

 

Семинарлар келесідей форматта өтеді:

Жиілігі: тоқсанына кемінде 1 рет.

Өтетін орны: 417 және 418 аудиториялар, кафедра.

Баяндаманың ұзақтығы: 40 минуттан аспайды, талқылау уақыты шектеусіз.

Материалдар: презентация, баяндаманың көшірмелері (пакеттік нұсқа).

Ұйымдастыру: оқу-әдістемелік жұмыстарға жауапты қауымдастырылған профессор, б.ғ.к. Аманова Г.К.

Техникалық қамтамасыз ету: кафедра әдіскерлері.

Семинарды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және қатысушыларды есепке алуға: Оқу-әдістемелік жұмыстарға жауапты, қауымдастырылған профессор, б.ғ.к. Аманова Г.К. жүзеге асырады.

Семинардың техникалық қамтамасыз етілуі: Кафедра әдіскері тарапынан орындалады.

 

2023-2024 оқу жылына арналған ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік семинарлар жоспарына сәйкес келесі семинарлар офлайн форматта ұйымдастырылып, өткізілді:

 

Оқу-әдістемелік семинар:

1. Б.ғ.к., қауымд. профессор Убаськин А.В. тақырыбы: «Формирование экологического мировоззрения студентов-экологов» (2023 жылғы қазан, хаттама № 1); 

2. Б.ғ.к., қауымд. профессор Аманова Г.К. тақырыбы: «IT технологии в изучении биологии и экологии» (2023 жылғы желтоқсан, хаттама № 3); 

3. Б.ғ.к., қауымд. профессор Төлеужанова А.Т. тақырыбы: «Общие вопросы методики преподавания биологии» (2024 жылғы наурыз, хаттама № 5). 

 

Оқу-әдістемелік семинар: - баяндалды

1. Б.ғ.к., қауымд. профессор Төлеужанова А.Т. тақырыбы: «Технология деятельностного метода (ТМД)» (2022 жылғы қазан, хаттама № 1);

2. Ph.D докторы, қауымд. профессор Кукушева А.Н. тақырыбы: «Анализ экологического состояния почвенных ресурсов Павлодарской области и мероприятия по восстановлению деградированных почв» (2023 жылғы сәуір, хаттама № 5);

3. Ph.D докторы, қауымд. профессор Арынова Ш.Ж. тақырыбы: «Актуальные проблемы техносферной безопасности на территории Павлодарской области» (2023 жылғы қаңтар, хаттама № 3).

 

Ғылыми-әдістемелік семинар: - баяндалды:

1. Аға оқытушы Акимбекова Н.Ж. тақырыбы: «Зоология через преподавание и исследования» (2022 жылғы қараша, хаттама № 2);

2. Ph.D докторы, аға оқытушы Мапитов Н.Б. тақырыбы: «Современные технологии и методология изучения состояния лесных экосистем Евразии» (2023 жылғы ақпан, хаттама № 4);

3. Ph.D докторы, қауымд. профессор Бахбаева С.А. тақырыбы: «Актуальные проблемы техносферной безопасности на территории Павлодарской области» (2023 жылғы мамыр, хаттама № 6).

 

Кафедраның 2023-2024 оқу жылындағы ғылыми және оқу-әдістемелік семинарлар жоспары 100% орындалды.

 

2023-2024 оқу жылына "Биология және экология" кафедрасының ПОҚ "Кереку" басылымына мынадай баспа жұмыстарын (оқу-әдістемелік әдебиет) жоспарлап, дайындап, түрлі мерзімдерде жариялады:

1. Калиева А.Б., Қабдолла М.О., Жапар Ж.Б. – «Жануарлар физиологиясы»;

2. Сергазинова З. М., Демченко Д. А., Байтемирова А. К. – «Экологическое проектирование, нормирование: практикум»;

3. Сергазинова   З. М., Байтемирова А. К. – «Экология человека: теория и практика»;

4. Сергазинова   З. М. – «Экологический мониторинг: курс лекций»;

5. Омаров М. С. – «Жану және жарылыс теориясы»;

6. Омаров М. С. – «Материалдар реологиясы»;

7. Омаров М. С. – «Реология материалов»;

8. Уалиева Р. М. – «Биология индивидуального развития: практикум»;

9. Асаинова Д. К., Алигожина Д. А., Урузалинова М.Б. – «Электробезопасность промышленных предприятий»:

10. Аманова Г. К. – «ЖЖӘ физиологиясы мен эволюциясы пәні бойынша зертханалық нұсқаулық».