2026-2027 оқу жылына арналған «Биология және экология» кафедрасының сапа саласындағы мақсаттары
САПА САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАР
Биология және экология кафедрасы
2026–2027 оқу жылына
Мақсаттың мазмұны | Мақсатқа жету критерийлері |
Кафедраның басқару тиімділігін қамтамасыз ету. | Кафедраның ПОҚ функциялары мен өкілеттіктерін бөлу: ПОҚ кафедра жұмысына 100 % қатысуы, еңбек тәртібін 100 % сақтауы, тәртіпті бұзушылықтарға жол бермеуі, қызметкерлердің демалысын ұйымдастыруы (1 шығу). |
Кафедраның ПОҚ білім беру қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету. | Өткен оқу жылымен салыстырғанда кафедра пәндері бойынша үлгерімнің 0,5 балға өсуі. Кафедра жоспары бойынша 1 шетелдік ғалымды дәріс оқуға шақыру. «Торайғыров университеті» КЕАҚ көптілді білім беруді енгізу бағдарламасына сәйкес, аталған бағдарламаға 24 магистрант пен 7 докторанттың қатысуы. Академиялық ұтқырлық шеңберінде 3 студент, 1 магистранттың қатысуы. |
Әдістемелік әзірлемелердің сапа деңгейін арттыру, практика базаларын кеңейту. | Оқулықтарды, оқу құралдарын және әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және шығару (5 әзірлеме), кафедраның 6 әдістемелік семинарын өткізу, 36 ашық дәріс өткізу. ПОӘК және МОӘК жинақталуы – 100 %. |
Кафедраның ҒЗЖ тиімділігін қамтамасыз ету. | Шетелде тағылымдама (1 адам). Импакт-факторы бар мақалалар жариялау – 6, енгізу актілері –3, монографиялар (1 әзірлеме). PhD докторлық диссертацияларды қорғаудың күтілетін саны – 2, магистрлік диссертацияларды – 16. Кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары мен ПОҚ оқу жылы бойына конкурстарға, олимпиадаларға, гранттарға, жобаларға қатысуы. Мемлекеттік бюджет, шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ және коммерцияландыру жобалары кафедраның ПОҚ орындалуы – 4 адам. |
Тәрбие жұмысының сапа деңгейін арттыру. Мемлекеттің мақсаттарын айқын көретін, жоғары эрудициясы, мәдениеті бар мамандарды, зиялы қауымның саяси жетілген өкілдерін қалыптастыру. | Тәрбие жұмысы бойынша айына 1 рет кураторлық сағат және 40 іс-шара өткізу. |
Кафедраның материалдық-техникалық базасының өсуін қамтамасыз ету. | Оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға өтінім беру (20 атау). Мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім-шарттық ҒЗЖ орындау шеңберінде компьютерлік техника мен зертханалық ыдыстарды сатып алу. |
Өңірлік білім беру нарығында көшбасшылықты қамтамасыз ету. | Индикативтік жоспар шегінде студенттерді қабылдауды және түлектерді 100 % жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету. Кафедраға бекітілген № 9, 24, 40 мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізу. Талапкерлерді тарту – 220 адам. |
БжЭ кафедрасының меңгерушісі А. Журумбаева
Академиялық мәселелер бойынша
Басқарма мүшесі-проректор Р. Нургожин
/arm/storage/files/6ad207bf4f7613.15383290.pdf
Тел: 8 (7182) 67-36-85, (ішкі 1257) kalieva.a@tou.edu.kz