Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы С. Торайғыров атындағы ПМУ гуманитарлық-педагогикалық факультетінің және ШФиАІ кафедрасының тәрбие жұмысы жоспарларымен сәйкес жүргізіледі.

Тәрбие-ұйымдастырушылық сипаттағы сұрақтар кафедра отырыс-тарында қарастырылады. Тәрбие жұмысы бекітілген жоспар және кафедра жұмысының ерекшелігін ескеріп, орталықтан басқарылады.

Оқу жылының басында кафедраның әрбір академиялық тобының кураторы бекітіледі. Ол студенттердің сабаққа келуін, үлгерімін, олардың университет және кафедраның тәрбие және басқа да шараларына қатысуын қадағалайды. Кураторлар кураторлық сағаттарды, үлгерімі төмен студенттермен тәрбие әңгімелерін жүргізеді. Сонымен қатар, оқу жылының басында әрбір куратор өз тобының әлеуметтік-демографиялық паспортын жасайды және де әлеуметтік жағдайы нашар студенттер туралы мағлұмат жинайды.

Үлгерімі төмен студенттермен кафедрада тәртіп бойынша комиссия жұмыс істейді.

Кафедра студенттері университеттің қоғамдық шараларына: концерттер, байқаулар, территорияны жинастыру, жаппай спорт шараларына белсене қатысады.